"КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 14 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" ЖШС-нің өтініші негізінде округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Электрмен жабдықтау нысандарына және тарайтын әуе желілеріне қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0324 га жер учаскесіне "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.

      1) Солтүстік Қазақстан облысында, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Арасан көшесі, Достық көшесі, Ключевая көшесі, Школьная көшесі, Западный тұйық көшесі орналасқан жалпы ауданы 0,0228 га жер учаскесіне, ЖТҚС -10/0,4 кВ № 2-9 электрмен жабдықтау нысанына ӘЖ-0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;

      2) Солтүстік Қазақстан облысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Киров көшесі, Торговый тұйық көшесі, Приишимская көшесі, Спорт тұйық көшесі орналасқан жалпы ауданы 0,0096 га жер учаскесіне, ЖТҚС-10/0,4 кВ №2-8 электрмен жабдықтау нысанына ӘЖ-0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;

      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі: А. Әржікеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады