"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 34 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Тоқсан би ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелерін алып қоймастан, су құбырына қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 2,2576 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі О. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады