Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалына жалпы ауданы 6,75 га жер учаскесіне KAZ-03 "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай (айналма жолымен)-РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті), 729-768 км" автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті 5 жыл мерзімге, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Тоқсан би ауылы мекенжайында орналасқан, трасса маңындағы № 1 топырақ резервін таңдау үшін жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | О. Оспанова |