Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Тоқсан би ауылында орналасқан КТП 6-4-тен 0,4 кВ әуе желісіне қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 0,012 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | О. Оспанова |