Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | К. Мажиев |
| Махамбет аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 тамыздағы № 290 шешіміне қосымша |
Махамбет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 112,91 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 121,28 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 836,4 |