Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 167 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасын және 69-бабының 4-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа алып, "Neogen Energy Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № ЗТ-2026-03306026 өтініші негізінде, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Neogen Energy Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданы, Шығыс Оңғар кен орнының аумағындағы көмірсутектерді барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жалпы ауданы 2133 гектар жерге, жер учаскелерін меншік немесе жер пайдалануға бермей, сондай-ақ оларды жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылғы 14 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Б. Әбуовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Б. Әбуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады