"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы №292-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың қабылданғаны туралы хабарлама жіберуді;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция |
А. Шаққалиев |