"Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 148-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 269-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 148-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлар тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0


Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген бидайдың нақты санының 5%. Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі. Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда).

Қант

Қант

1701


Қант өндірушілер үшін – өндірілген қант көлемінің 20%-ы. Қант импорттаушылар үшін – әкелінген қант көлемінің 20%-ы.

Арпа

Арпа

1003 10 000 0, 1003 90 000 0


Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген бидайдың нақты санының 5%. Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі. Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда).

Өзге картоп, жаңа піскен немесе салқындатылған


0701 90 900 0

1000 тонна


Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы


5203 00 000 0

600 тонна


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны ресми жариялау және қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың қабылданғаны туралы хабарлама жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
А. Шаққалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады