"BAYSAN Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 10 ақпандағы № 69 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 43, 67, 69 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Арыс қаласының жер комиссиясының 2025 жылғы 21 қазандағы №25 қорытындысына, Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 958, 959 "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы" бұйрықтарына және "BAYSAN Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "BAYSAN Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің БСН 151040011235 Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі бойынан кәріз жүйесін жүргізу үшін /ықшам сызбаға сәйкес/ аумағы – 0,2625 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушыдан жер учаскелері алынбай, қысқа мерзімге - 3 /үш/ жылға жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.

      2. Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады