Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі, Ердәуіт елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 4 тамыздағы № 297 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 шілдедегі № 46-336-VІІІ шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округінің Ердәуіт елді мекенінің шекараларына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 36,18 гектар жерлерді қосу арқылы, Дарбаза ауылдық округінің Ердәуіт елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 194,28 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев
      Аудандық мәслихат төрағасы Р. Асылбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады