Көшеге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Қошқарата ауылдық округінің әкімінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 29 шешiмi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Қошқарата ауылдық округінің Ұшқын ауылының атауы қайталанатын Мәншүк Мәметова көшесі Тоқаш Бердияров көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қошқарата ауылдық округінің әкімі Е.Нұрмахан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады