Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 628-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 31/275-VIII шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ертіс өзені бассейні | |||
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/ 1000 есептегенде текше метр | 294,965 |
2 | Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп | теңге/ 1000 есептегенде текше метр | 844,456 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/ 1000 есептегенде текше метр | 237,875 |
4 | Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/ 1000 есептегенде текше метр | 27,356 |
5 | Гидроэнергетика | теңге /1000 квт.сағат | 88,014 |
6 | Су көлігі | теңге/ 1000 текше шақырым | 33,302 |