Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №160 "Зайсан ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27629 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің жауапты орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы, аудан әкімінің орынбасары | А. Утебаев |