2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 219 өкімі.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.

      2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 219 өкіміне
ҚОСЫМША

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы

Әдебиет қайраткерлері

Айтқожа Марфуға

–

1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері
 

Алдияр Бақытжан

–

1974 жылы туған, ақын, "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты

Әбдікұлы Төлен

–

1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшімов Әкім
(Әкім Тарази)

–

1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшіров Ахмет

–

1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері

Бақтыгереева Ақұштап

–

1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері

Гарькавец Александр

–

1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері

Досанов Сәбит

–

1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері

Жағанова Алтыншаш

–

1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері

Жайлыбай Ғалым

–

1958 жылы туған, ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері

Жолдасбеков Мырзатай

–

1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Исабаев Нұртас

–

1954 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері

Исабеков Дулат

–

1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі "Достық" орденінің иегері

Қосылбеков Дидар

–

1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қыдырханұлы Уахап

–

1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Медетбек Темірхан

–

1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
 

Мырзахметұлы Мекемтас

–

1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Нұрпейісов Әбдіжәміл

–

1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Оразбаев Иранбек

–

1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері

Өтеулиев Бауыржан

–

1969 жылы туған, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты

Салғараұлы Қойшығара

–

1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сарыбаев Бейбіт

–

1983 жылы туған, жазушы

Сегізбай Кәдірбек

–

1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 

Сматаев Софы

–

1941 жылы туған, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Сүлейменов Олжас
 

–

1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Тұрғынбекұлы Серік

–

1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері

Шапай Тұрсынжан

–

1957 жылы туған, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Өнер қайраткерлері

Әбдіреев Марат

–

1965 жылы туған, суретші

Андриасян Рубен

–

1938 жылы туған, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі
 

Асылханов Ермек

–

1951 жылы туған, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 

Ахметова Мәрия

–

1921 жылы туған, музыкатанушы

Әшімов Асанәлі

–

1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 

Әшірбекова Роза

–

1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі

Байдүкенова Рухия

–

1998 жылы туған, әнші, "Славянский базар-2021" халықаралық конкурсының жеңімпазы
 

Байсейітова Раушан
 

–

1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 

Бекназар-Ханинга Лейло

–

1960 жылы туған, актриса
 

Бекқұлова Айжан

–

1954 жылы туған, қолөнерші

Джалилов Самат

–

1990 жылы туған, кинорежиссер

Жаманбаев Базарғали

–

1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жақанов Ілия

–

1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Отан" орденінің иегері

Жанботаев Досжан

–

1949 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Жолжақсынов Досхан
 

–

1951 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Отан" орденінің иегері

Ерманов Жүрсін

–

1951 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері

Зайберт Виктор

–

1947 жылы туған, археолог

Имаханов Бекен

–

1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі

Қалықова Саида

–

1985 жылы туған, пианист

Кәден Лидия

–

1952 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Клушкин Юрий

–

1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері
 

Қазығұлов Алпысбай

–

1958 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері

Қастеева Зарема

–

1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі




Қосыбаева Тамара

–

1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
 

Қосымбаев Мэлс

–

1970 жылы туған, айтыскер

Максим Ержан

–

2007 жылы туған, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты

Мәлібекұлы Жандарбек

–

1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Мышбаева Нүкетай

–

1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері

Наурыз Ернат

–

1995 жылы туған, домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты

Нүсіпжан Нұрғали

–

1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және ІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері
 

Обаев Есмұқан

–

1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері
 

Олжабай Темірлан

–

1996 жылы туған, күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
 

Оразбаев Сәбит

–

1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Орымбаева Гүлсәуле
 

–

1952 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Өтекешева Меруерт

–

1951 жылы туған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Померанцев Юрий

–

1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвер

–

1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері

Сұлтанов Сүндет

–

1992 жылы туған, балет солисі
 

Сіргебаев Ескен

–

1940 жылы туған, суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тасыбекова Торғын

–

1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
 

Төлегенова Бибігүл
 

–

1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тұрдығұлов Жолаушы

–

1950 жылы туған, суретші

Тұрысбек Секен
 

–

1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Тыныштығұлова Сара

–

1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Тілеубаев Қуат

–

1972 жылы туған, киносуретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Шәкірат Сержан

–

1939 жылы туған, күйші, "Құрмет" орденінің иегері

Шынарбаев Ермек

–

1953 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады