Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 685 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жылдың қорытындысы бойынша, 15 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсіп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, 1 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 685 қаулысымен
бекітілген

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспар
Паспорт

1

Атауы

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспар
 

2

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 21-03/Б-836 тапсырмасы
 

3

Іске асыру мерзімі

2026 – 2030 жылдар
 

4

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы

ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, СИМ, ДСМ, СІМ, МАМ, ҒЖБМ, Қорғанысмині, ОМ, ТСМ, Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП, "Kazakh Invest" АҚ, "QazIndustry" АҚ, "QazTrade" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері

5

Кешенді жоспарды қабылдау қажеттігі туралы негізгі проблемалар мен оларды шешу міндеттері көрсетілген қысқаша ақпарат

Жеңіл өнеркәсіптің дамуына ішкі нарықтың импортқа жоғары тәуелділігі, отандық шикізатты қайта өңдеу деңгейінің жеткіліксіздігі, өндірістердің технологиялық тұрғыдан артта қалуы, қосылған құны жоғары өнім шығарудың шектеулі болуы, білікті кадрлар тапшылығы және инвестициялық белсенділіктің төмендігі сияқты бірқатар жүйелі факторлар тежеу болып отыр. Көрсетілген проблемалар саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономиканың шикізаттық емес секторының дамуына қосатын оның үлесін шектейді.
Осыған байланысты Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспар ішкі сұранысты қанағаттандыру, шикізатты терең өңдеуді дамыту, отандық өнім үлесін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытында бәсекеге қабілетті әрі орнықты саланы қалыптастыруға бағытталған.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өндірістерді жаңғырту, жергілікті орнықтыру деңгейін арттыру тетіктерін ендіру, өндірістік кооперацияны дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және саланың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі шараларды іске асыру көзделеді.





Р/с
№

Атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
1) 2030 жылға қарай 2025 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндіріс көлемінің 2 есе ұлғаюы;
2) ішкі нарықтағы отандық өнім үлесінің 20 %-ға дейін ұлғаюы;
3) жұмыспен қамтудың 35–40 мың адамға дейін ұлғаюы.

1-бағыт. Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша заңнамалық базаны жетілдіру

1.

Жергілікті орнықтыру деңгейін арттыру туралы келісім жасасқан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына салықтық жеңілдіктер беру тетігін ендіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 1-ші жартыжылдық

талап етілмейді

талап етілмейді

2.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру және лизингтік қаржыландыру бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

2027 жылғы 1-ші жартыжылдық

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

3.

"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен қазақстандық өндірушілер арасында жеңілдікті шарттар мен қарсы міндеттемелерді (өндіріс көлемін ұлғайту, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдау, жергілікті орнықтыру деңгейін арттыру, өнім ассортиментін кеңейту арқылы нарыққа шығу және т.б.) көздейтін жергілікті орнықтыру деңгейін арттыру туралы келісім жасасу тетігін және оның үлгілік нысанын енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

ӨҚМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 2-ші жартыжылдық

талап етілмейді

талап етілмейді

4.

Мақта талшығын экспорттауға квота енгізу туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

АШМ, СИМ, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 1-ші жартыжылдық

талап етілмейді

талап етілмейді

5.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан өңдеу үшін импортталатын тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатындағы тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін кеңейту үшін ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 1-ші жартыжылдық

талап етілмейді

талап етілмейді

6.

Реттелетін сатып алу шеңберінде сатып алынатын жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне арналған үлгілік техникалық ерекшеліктерді әзірлеу мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

ӨҚМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

2-бағыт. Реттелетін сатып алу тетіктерін жетілдіру

7.

Шикізат пен материалдар өндірушілердің өндірістік қуаттарының мүмкіндіктерін ескере отырып, реттелетін сатып алу (мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары) шеңберінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін (жұмсақ алмалы-салмалы мүкәммал және т.б.) шығару кезінде қазақстандық шикізат пен материалдарды кезең-кезеңімен міндетті түрде пайдалану мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

Қаржымині, ӨҚМ, СИМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы 1-ші жартыжылдық

талап етілмейді

талап етілмейді

8.

Жеңіл өнеркәсіп тауарларына, жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне ұлттық режимнен шығаруды белгілеу мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

ӨҚМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2028 жылғы, 2030 жылғы ақпан

талап етілмейді

талап етілмейді

9.

Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері және (немесе) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар мен отандық тауар өндірушілердің реттелетін сатып алуларға қатысуы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне жеңілдікті жағдайлар ұсыну мүмкіндігін көздеу мақсатында реттелетін сатып алу саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу

НҚА қабылдау

ӨҚМ, Еңбекмині, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

2027 жылғы 1- ші жартыжылдық

талап етілмейді

талап етілмейді

10.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер үшін шарттарды орындаудың ең аз мерзімін – кемінде күнтізбелік 120 күн белгілеу мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

Қаржымині, ӨҚМ, ҰЭМ, Қорғанысмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы қаңтар

талап етілмейді

талап етілмейді

3-бағыт. Көлеңкелі импортпен күрес

11.

Барлық тауар айналымын ҚР Қаржымині МКК-нің "виртуалды қоймалар" тетігіне көшіру арқылы тауардың әр бірлігін "салмағы бойынша кедендік ресімдеу" практикасынан бас тартуды және көлеңкелі айналымды жоққа шығаруды қамтамасыз ететін электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) ресімдеу жолымен міндетті түрде есептен шығара отырып, шикізат пен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін міндетті есепке алу және қадағалап отыру тетігін енгізу мәселесін қарау

ӨҚМ-ге ұсыныс

Қаржымині, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

12.

Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және қадағалау мәселесін қарау қағидаларын бекіту мәселесін қарау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

ӨҚМ, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

2026 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

4-бағыт. Техникалық реттеу

13.

Жүн мен былғары шикізатын сұрыптау процестерін стандарттау

ұлттық стандарт

ӨҚМ, СИМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы желтоқсан

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

14.

Халыққа антропометриялық зерттеу жүргізу және заманауи ұлттық өлшемдер жүйесін әзірлеу

ӨҚМ-ге ақпарат

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2028 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

15.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне арналған ұлттық стандарттарды өзектілендіру

ұлттық стандарт

ӨҚМ, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы желтоқсан

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

5-бағыт. Кадрларды, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және біліктілікті жоғарылату

16.

Салалық аккредиттелген одақтар мен қауымдастықтар базасында жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіптік біліктіліктерді тану орталықтарын құру

ӨҚМ-ге ақпарат

Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы қаңтар

бюджеттен тыс көздерде көзделген қаражат шегінде

бюджеттен тыс көздер

17.

Жеңіл өнеркәсіп бағыттары бойынша кәсіптік стандарттар негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзектілендіру

ӨҚМ-ге ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

жыл сайын қыркүйек

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

18.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрлық сату құралдары мен CRM-жүйелерін ендіруге оқыту

ӨҚМ-ге ақпарат

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы қараша

талап етілмейді

талап етілмейді

19.

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы әйел кәсіпкерлер үшін баға белгілеу, маркетинг және сертификаттау салаларында оқытуды ендіру мәселесін қарастыру

ӨҚМ-ге ақпарат

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2028 жылғы наурыз

талап етілмейді

талап етілмейді

6-бағыт. Қазақстандық брендті дамыту

20.

Сауда қызметін реттеу саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру парақтарына отандық өндірістің азық-түлік емес тауарларын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде орналастыру нормасының жалпы сауда алаңының кемінде 30 %-ы көлемінде сақталуына қойылатын талаптарды ендіру бөлігінде өзгерістер ендіру мәселесін қарастыру

ӨҚМ-ге ақпарат

СИМ, ҰЭМ, ӨҚМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша).

2027 жылғы қаңтар

талап етілмейді

талап етілмейді

21.

Жеңіл өнеркәсіп тауарларының отандық өндірушілері мен олардың брендтерінің жағымды имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу, оның ішінде мемлекеттік және өңірлік телеарналарда көрсету, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңкелер өткізу арқылы

ӨҚМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, МАМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "QazIndustry" АҚ (келісу бойынша)

жыл сайын
қаңтар, желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

22.

Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірушілер үшін сауда алаңдарын жалға алудың жеңілдікті шарттарын ұсыну мүмкіндігін қарастыру

ӨҚМ-ге ақпарат

СИМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2027 жылғы қаңтар

талап етілмейді

талап етілмейді

23.

Олимпиадалық ойындар мен спорттық жарыстарға арналған спорттық киім мен жабдықтарды әзірлеу және шығару кезінде қазақстандық өндірушілерді тарту

ӨҚМ-ге ақпарат

ТСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

жыл сайын наурыз

талап етілмейді

талап етілмейді

24.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған ведомстволық награданы әзірлеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ақпарат

ӨҚМ, МАМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2028 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

талап етілмейді

7-бағыт. Жеңіл өнеркәсіп саласына инвестициялар тарту

25.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын шикізатты (жіп, мата, фурнитура, дайын былғары) өндіру бойынша іске асырылып жатқан жобаларға мониторингтеу

ӨҚМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Kazakh Invest" АҚ (келісу бойынша)

жыл сайын қараша

талап етілмейді

талап етілмейді

26.

Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін салалық көрмелер мен жәрмеңкелер алаңының кемінде 10 %-ын қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілеріне ұсыну мүмкіндігін қарастыру

ӨҚМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

жыл сайын желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

27.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыру

ӨҚМ-ге ақпарат

СИМ, "QazTrade" АҚ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

жыл сайын қаңтар

талап етілмейді

талап етілмейді

28.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымына (UNIDO) ұқсас киім, аяқ киім, тоқыма және былғары өнімдері кәсіпорындарының экспорттық консорциумдарын құру тәжірибесін қарастыру

ӨҚМ-ге ақпарат

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

жыл сайын қаңтар

талап етілмейді

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      "Kazakh Invest" АҚ – "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҚР Қаржымині МКК – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      "Қазақтелеком" АҚ – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы;

      "QazIndustry" АҚ – "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;

      "QazTrade" АҚ – "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады