"Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдаланып төлем қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 702 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы № 716 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдаланып төлем қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 702 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдаланып төлем қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларында:

      3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ақшаның мобильді аударымдар арқылы аударылғаны туралы банктік түбіртектерді ұсыну арқылы расталған бұзушылық фактілері туралы хабарлайды.

      Бұзушылықты бейнетіркеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабында көзделген талаптарға сәйкес адамның келісімімен жүргізіледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары жолданымды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен қарайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бұзушылық фактісі анықталған жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген бұзушылық жасаған тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 194, 195 және 284-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қолданады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады