Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 қыркүйектегі № 794 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Сәденовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 794 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы

КЕЛІСІМ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Тараптар), Тараптар мемлекеттерінің азаматтарының өзара сапарларын жеңілдетуге және екі мемлекет берген жүргізуші куәліктерін өзара тану мен айырбастауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Қағидаттар

      1. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарап заңды негіздерде берген жүргізуші куәліктерін таниды және олардың жүргізушілеріне осы куәліктермен рұқсат етілген санаттар шегінде көлік құралдарын басқаруға, сондай-ақ осы Келісімнің 2, 3 және 4-баптарында көрсетілген тәртіппен және шарттарда мұндай куәліктерді айырбастауға өтініш беруге рұқсат береді.

      2. Жүргізушінің жай-күйі көлік құралын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ете алмайтынын көрсететін айқын белгілер немесе дәлелдер болған жағдайда немесе жүргізуші куәлігін берген мемлекет оның біліктілігін бұдан былай танымайтын болса, бір Тарап екінші Тарап берген куәліктің негізінде мұндай жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығын шектеуі мүмкін.

      3. Осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдар:

      Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      Қытай Халық Республикасында – Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі.

2-бап

Жүргізуші куәліктерін өзара тану шарттары

      1. Тараптардың әрқайсысы мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) куәлік төлнұсқа және жарамды болып табылса;

      2) куәліктің осы типі (форматы) беретін елдің аумағында бұрынғысынша қалыпты режимде қолданыста болса;

      3) куәлік беру кезінде беретін ел куәлік иесінің тұрақты тұратын елі болса;

      4) куәлік тұрақты (негізгі) болып табылса және оқу, уақытша немесе халықаралық жүргізуші куәліктеріне жатпаса;

      5) куәлік иесі өзінің жүргізуші куәлігінің ресми танылған аудармасын бір мезгілде көрсетсе;

      6) автокөлік құралдарын басқаруға жіберу туралы медициналық қорытындының қолданыс мерзімі елдердің әрқайсысының заңнамасына сәйкес айқындалса екінші Тарап берген жүргізуші куәліктерінің жарамдылығын таниды.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмейтін адамдардың жүргізуші куәліктері танылмайды. Аталған шарттар сақталмаған кезде көлік құралдарын басқарған адамдар құқық бұзушылық жасалған елдің заңдары мен қағидаларына сәйкес жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

      3. Тараптар мемлекеттері заңнамасының жасына, денсаулық жағдайына және өзге де көлік құралдарының әртүрлі санаттарын басқаруға жіберуге қатысты шарттарға қойылатын талаптары өз күшін сақтайды. Тараптар он сегіз жасқа толмаған адамдардың жүргізуші куәліктерін танудан бас тартуы мүмкін.

      4. Жүргізуші болатын мемлекеттің аумағында өзінің тұру немесе болу заңдылығын, оның ішінде жарамды паспортты, визаны немесе тұруға ықтиярхатты көрсету арқылы растау мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Жүргізуші куәлігін айырбастау үшін болу немесе тұру мерзіміне қойылатын талаптар екі мемлекеттің заңдары мен қағидаларына сәйкес қолданылады.

3-бап

Екінші тараптың аумағында уақытша болатын адамдар үшін жүргізуші куәліктерін өзара тану

      1. Қазақстан Республикасының жарамды жүргізуші куәліктері бар және осы Келісімнің 2-бабында көзделген талаптарға сәйкес келетін адамдарға Қытай Халық Республикасына келген күннен бастап бір жылға дейінгі мерзімге тиісті санаттағы көлік құралын басқаруға уақытша рұқсат алуға рұқсат етіледі (Осы келісімге 1-қосымша).

      2. Қытай Халық Республикасының жарамды жүргізуші куәліктері бар және осы Келісімнің 2-бабында көзделген талаптарға сәйкес келетін адамдарға Қазақстан Республикасына келген күннен бастап бір жылға дейінгі мерзімге тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етіледі (Осы келісімге 2-қосымша).

      3. Осы баптың ережелеріне сәйкес Тараптардың бірі берген жүргізуші куәлігі бар адамдар емтихан тапсырудан және медициналық куәландырудан босатылады.

4-бап

Тұрақты тұратын адамдар үшін жүргізуші куәліктерін айырбастау

      1. Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген талаптар сақталған жағдайда, бір Тараптың жарамды жүргізуші куәлігі бар және екінші Тараптың аумағында бір жылдан астам уақыт тұратын әрі осы елде көлік құралын басқаруды жалғастыруға ниет білдірген барлық жүргізушілер емтихан тапсырмай-ақ осы елдің жүргізуші куәлігін алу үшін тұрғылықты елінің құзыретті органына жүгінуге міндетті.

      1) Қытай Халық Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігі бар адамдар оны емтихан тапсырмай-ақ Қытай Халық Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын қолданыс мерзімімен Қытай Халық Республикасының тиісті жүргізуші куәлігіне айырбастай алады (Осы келісімге 3-қосымша).

      2) Қазақстан Республикасының аумағында Қытай Халық Республикасының жүргізуші куәлігі бар адамдар оны емтихан тапсырмай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын қолданыс мерзімімен Қазақстан Республикасының тиісті жүргізуші куәлігіне айырбастай алады (Осы келісімге 4-қосымша).

      2. Осы бапқа сәйкес айырбасталған барлық бастапқы жүргізуші куәліктері жаңа куәлік берілген кезде иесіне қайтарылуы немесе қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органдарының сақтауына қабылдануы мүмкін. Жүргізуші куәлігі қабылдаушы Тараптың құзыретті органдарының сақтауына қабылданған жағдайда, ол болатын мемлекеттен шыққан кезде және осы мемлекет берген жүргізуші куәлігін тапсырғаннан кейін иесіне қайтарылады.

      3. Егер Тараптардың бірінің жүргізуші куәлігінің иесі өзара айырбастау көзделмеген санатты алу үшін өтініш жасаған жағдайда, болатын мемлекеттің құзыретті мемлекеттік органы болатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтінішті қарастырады.

5-бап

Жүргізуші куәліктерінің төлнұсқалығы

      1. Тараптар бір-біріне ұлттық жүргізуші куәліктерінің үлгілерін және олардың төлнұсқалығын тексеру тәсілдері туралы ақпаратты ұсынады.

      2. Жүргізуші куәлігінің нысаны (дизайны) өзгерген жағдайда, тиісті Тарап бұл туралы екінші Тарапты жазбаша түрде дереу хабардар етеді және жаңа жүргізуші куәлігінің ресми үлгісін жібереді.

6-бап

Ынтымақтастық әдістері

      1. Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімді іске асыру мәселелері бойынша өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      2. Тараптардың құзыретті органдары мынадай мақсаттар үшін қажетті ақпаратпен алмасуға құқылы:

      1) жүргізуші куәліктерінің төлнұсқалығын растау;

      2) жүргізуші куәлігін беру, айырбастау, қолданысын тоқтату немесе көлік құралдарын басқару құқығынан айыру фактісін тексеру;

      3) осы Келісімнің өзге де ережелерін іске асыру.

      3. Ақпарат алмасу дипломатиялық арналар арқылы немесе Тараптардың құзыретті органдары келіскен өзге де өзара іс-қимыл арналары арқылы жүзеге асырылады.

      4. Алушы Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған ақпарат тек оны іске асыру мақсатында пайдаланылады және оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

      5. Тараптардың құзыретті органдары арасындағы хат алмасу, сондай-ақ дипломатиялық арналар арқылы хат алмасу тиісті мемлекеттердің ресми тілдерінде, оған қоса орыс тіліне аудармасы қоса беріле отырып жазбаша нысанда жүзеге асырылады.

7-бап

Өзгерістер енгізу

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша оның ажырамас бөліктері болып табылатын және осы Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

8-бап

Дауларды шешу

      Осы Келісімді түсіндіруге немесе орындауға байланысты туындайтын кез келген даулар мен келіспеушіліктер жүргізуші куәліктеріне жауапты Тараптардың құзыретті органдары арасындағы консультациялар арқылы шешіледі.

      Егер жүргізуші куәліктеріне жауапты Тараптардың құзыретті органдары ортақ келісімге келе алмаса, дау дипломатиялық арналар арқылы достық консультациялар жолымен Тараптар арасында шешіледі.

9-бап

Күшіне енуі, тоқтата тұру және қолданысын тоқтату

      1. Осы Келісім мерзімсіз қолданылады. Тараптар осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді. Осы Келісім соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң күшіне енеді.

      2. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздік, ұлттық мүдделер, қоғамдық тәртіп немесе қоғамдық денсаулық себептерімен басқа Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ету жолымен осы Келісімнің қолданысын уақытша тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда осы келісімнің қолданысы мұндай хабарлама алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң тоқтатылады. Тараптар осы Келісімнің қайта қолданылатын күнін дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда келіседі.

      3. Тараптардың әрқайсысы басқа тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар ете отырып, осы келісімнің қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің қолданысы басқа Тарап мұндай хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң тоқтатылады.

      4. Осы Келісімнің қолданысын тоқтату, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, оның қолданысы тоқтатылған күнге дейін басталған жүргізуші куәліктерін тану және айырбастау рәсімдерін қозғамайды.

      202__ жылғы "___" ________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Келісім мәтіндерінде алшақтықтар туындаған жағдайда тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі
арасындағы жүргізуші
куәліктерін өзара тану және
айырбастау туралы келісімге
1-қосымша

Қазақстан Республикасының жүргізуші куәліктерін Қытай Халық Республикасының аумағында тану

      Қытай Халық Республикасының аумағында уақытша болатын жүргізушілер үшін Қазақстан Республикасының жүргізуші куәліктерінің мынадай санаттары Қытай Халық Республикасының уақытша рұқсаттарының тиісті санаттарына сәйкес деп танылады:

Қазақстан Республикасы жүргізуші куәлігінің санаты

Қытай Халық Республикасы уақытша рұқсатының санаты

В (тек жеңіл көлік)

С1, С2 (тек жеңіл көлік)

      Ескертпе: жеңіл көлік деп рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын және жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан аспайтын тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан асатын, бірақ жүксіз автомобильдің массасынан аспайтын тіркеме тіркелген және көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын "В" санатындағы автомобильдер түсініледі.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі
арасындағы жүргізуші
куәліктерін өзара тану және
айырбастау туралы келісімге
2-қосымша

Қытай Халық Республикасының жүргізуші куәліктерін Қазақстан Республикасының аумағында тану

      Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын жүргізушілер үшін Қытай Халық Республикасының жүргізуші куәліктерінің мынадай санаттары Қазақстан Республикасының жүргізуші куәліктерінің тиісті санаттарына сәйкес деп танылады:

Қытай Халық Республикасы жүргізуші куәлігінің санаты

Қазақстан Республикасы жүргізуші куәлігінің санаты

С1, С2

В (тек жеңіл көлік)

В1

В (тек жеңіл көлік)

В2

В (тек жеңіл көлік)

А1

В (тек жеңіл көлік)

А2

В (тек жеңіл көлік)

А3

В (тек жеңіл көлік)

      Ескертпе: жеңіл көлік деп рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын және жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан аспайтын тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан асатын, бірақ жүксіз автомобильдің массасынан аспайтын тіркеме тіркелген және көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын "В" санатындағы автомобильдер түсініледі.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі
арасындағы жүргізуші
куәліктерін өзара тану және
айырбастау туралы келісімге
3-қосымша

Қазақстан Республикасының жүргізуші куәліктерін Қытай Халық Республикасының аумағында кедергісіз (емтихансыз) айырбастау

      Қытай Халық Республикасының аумағында тұратын жүргізушілер үшін Қазақстан Республикасының жүргізуші куәліктерінің мынадай санаттары емтихан тапсырмай-ақ Қытай Халық Республикасының тиісті жүргізуші куәліктеріне айырбасталуы мүмкін:

Қазақстан Республикасы жүргізуші куәлігінің санаты

Қытай Халық Республикасы жүргізуші куәлігінің санаты

В (тек жеңіл көлік)

С1, С2 (тек жеңіл көлік)

      Ескертпе: жеңіл көлік деп рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын және жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан аспайтын тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан асатын, бірақ жүксіз автомобильдің массасынан аспайтын тіркеме тіркелген және көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын "В" санатындағы автомобильдер түсініледі.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі
арасындағы жүргізуші
куәліктерін өзара тану және
айырбастау туралы келісімге
4-қосымша

Қытай Халық Республикасының жүргізуші куәліктерін Қазақстан Республикасының аумағында кедергісіз (емтихансыз) айырбастау

      Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жүргізушілер үшін Қытай Халық Республикасының жүргізуші куәліктерінің мынадай санаттары емтихан тапсырмай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті жүргізуші куәліктеріне айырбасталуы мүмкін:

Қытай Халық Республикасы жүргізуші куәлігінің санаты

Қазақстан Республикасы жүргізуші куәлігінің санаты

С1, С2

В (тек жеңіл көлік)

В1

В (тек жеңіл көлік)

В2

В (тек жеңіл көлік)

А1

В (тек жеңіл көлік)

А2

В (тек жеңіл көлік)

А3

В (тек жеңіл көлік)

      Ескертпе: жеңіл көлік деп рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын және жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан аспайтын тіркеме тіркелген "В" санатындағы автомобильдер, сондай-ақ рұқсат етілген ең жоғары массасы 750 кг-дан асатын, бірақ жүксіз автомобильдің массасынан аспайтын тіркеме тіркелген және көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 кг-дан аспайтын "В" санатындағы автомобильдер түсініледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады