Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Сәденовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 801 қаулысымен мақұлданған Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды, сондай-ақ олардың арасындағы әртүрлі салалардағы, оның ішінде заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелеріндегі ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес өз аумағында немесе ол арқылы Тараптар азаматтарының, үшінші елдер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз көші-қоны үшін жауапкершілікті белгілеудің егемендік құқығын құрметтей отырып,
осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің халықаралық құқыққа сәйкес құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін төмендетпейтінін атап көрсете отырып,
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы көші-қон процестерін нақты регламенттеудің өзекті қажеттілігін негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде мына анықтамалардың мынадай мағыналары болады:
"Реадмиссия" – Тараптар азаматтарының, үшінші елдер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы бұза отырып, Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды осы Келісімде көзделген тәртіппен, шарттарда және мақсаттарда Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының беруі және Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының оларды қабылдауы;
"Сұрау салатын Тарап" – адамды реадмиссиялау немесе транзиттеу туралы сұрау салуды жіберетін Тарап;
"Сұрау салынатын Тарап" – адамды реадмиссиялау немесе транзиттеу туралы сұрау салу жіберілген Тарап;
"Үшінші мемлекеттердің азаматтары" – Тараптар мемлекеттерінің азаматтығы жоқ және осы Келісімнің Тарапы болып табылмайтын мемлекеттің азаматтығына жататын адамдар;
"Азаматтығы жоқ адамдар" – екінші Тарап мемлекетінің аумағына келгеннен кейін бір Тарап мемлекетінің азаматтығынан айырылған адамдарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын және үшінші мемлекеттің азаматтығына тиесілігі туралы дәлелдемелері жоқ адамдар;
"Қазақстан азаматы" – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие кез келген адам;
"Түркия азаматы" – Түркия Республикасының заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие кез келген адам;
"Құзыретті органдар" – осы Келісімді іске асыруға жауапты Тараптар мемлекеттерінің органдары;
"Атқару хаттамасы" – осы Келісімді іске асыру туралы хаттама;
"Дербес деректер" – осындай ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат;
"Транзит" – үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Сұрау салатын Тарап мемлекетінен жүретін жолда Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы өтуі.
Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын реадмиссиялау
1. Сұрау салынатын Тарап осы Келісім шеңберінде Сұрау салатын Тараптың сұрау салуы бойынша Сұрау салатын Тараптың аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез келген адамды, егер осы Келісімге сәйкес бұл адам Сұрау салынатын Тараптың азаматы болып табылатыны анықталса, осы Келісімде айқындалғаннан басқаша формальдылықсыз өз аумағында қабылдайды. Осы ереже Сұрау салатын Тараптың аумағына келгеннен кейін Сұрау салынатын Тараптың азаматтығынан айырылған немесе одан бас тартқан және Сұрау салатын Тараптың немесе үшінші мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдарға да қолданылады.
Сұрау салатын Тарап:
- Сұрау салатын Тарапта тұруға тәуелсіз құқығы болатын жағдайларды қоспағанда немесе егер көрсетілген тәуелсіз тұру құқығы тиісті балалардың заңды қамқоршысы болып табылатын басқа ата-анаға тиесілі болса, осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, кәмелетке толмаған, некеде тұрмаған балаларын;
- егер жұбайы (зайыбы) Сұрау салатын Тарапта тұруға тәуелсіз құқығы болмаса немесе егер Сұрау салатын Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес бұл неке жарамсыз деп танылмайтынын дәлелдемесе, жұбайының (зайыбының) Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кіру және онда қалу құқығының болуы немесе келуге және онда болуға құқық алуы шартымен осы баптың 1-тармағында аталған адамның азаматтығынан өзге азаматтығы бар жұбайын (зайыбын) реадмиссиялауды да жүзеге асырады.
2. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары реадмиссиялау туралы өтінішке оң жауап бергеннен кейін немесе тиісті жағдайларда Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі реадмиссиялауға жататын адамның ерік білдіруіне қарамастан, 3 жұмыс күні ішінде реадмиссиялауға жататын адамды қайтару үшін қажетті, қолданылу мерзімі 3 айды құрайтын жол жүру құжатын береді.
3. Адамда Тараптар мемлекетінің бірінің азаматтығының бар-жоғы айқындалатын құжаттардың тізбесі Атқару хаттамасында қамтылады. Атқару хаттамасы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады (қосымшаға сәйкес).
4. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың ешқайсысын ұсыну мүмкін болмаса, Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігімен немесе консулдық мекемесімен реадмиссиялауға жататын адаммен оның азаматтығы туралы мәлімет алу мақсатында әңгімелесу өткізу туралы уағдаласады. Мұндай әңгімелесулерді өткізу рәсімі Атқару хаттамасында айқындалады.
5. Егер Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамды реадмиссиялау үшін осы баптың 1-тармағында көзделген шарттардың жоқ екенін анықтаса, Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары өздері берген адамды берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кері қабылдайды. Бұл жағдайда Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы адамға қатысты өзінің иелігінде бар материалдарды беруге тиіс.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекеті азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаты болған жағдайда, реадмиссиялау туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді.
Үшінші мемлекеттер азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау
1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары Cұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің ұлттық заңнамасын бұза отырып келген немесе онда жүрген үшінші тараптардың азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды және егер олардың оның аумағына тікелей Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан келгені анықталса қабылдайды.
2. Үшінші тарап азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты болмаған және осы адамның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органының мұндай құжатты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда реадмиссиялау туралы сұрау салуға оң жауап алғаннан кейін Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары оған өз мемлекетінің аумағына кіруге арналған құжат береді.
3. Егер Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы жүргізген тексеруде осы баптың 1-тармағында көзделген, адамды реадмиссиялау үшін қажетті шарттардың жоқ екені анықталса, Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары өздері берген адамды ол берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кері қабылдайды. Бұл жағдайда Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы адамға қатысты өзінің иелігінде бар материалдарды беруге тиіс.
4. Осы баптың ережелері: Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңды түрде келген кезде осы мемлекеттің құзыретті органдары берген жарамды визасы, уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсаты бар; ұлттық қағидалар мен халықаралық келісімдерге сәйкес заңды негіздерде визасыз тәртіппен Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына келген; Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары осы мемлекеттің аумағына келгеннен кейін виза, уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат берген адамдарға қолданылмайды.
5. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы реадмиссиялау туралы халықаралық келісімдер жасасқан үшінші мемлекеттердің азаматтары мен сол үшінші мемлекеттерден келген азаматтығы жоқ адамдарға ғана қолданылады.
Реадмиссиялау туралы сұрау салуларды жіберу және қарау мерзімдері
1. Адамды реадмиссиялау туралы сұрау салуды Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамның Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келу немесе заңсыз болу фактісі анықталған және/немесе жеке басы анықталған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде тікелей Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына жібереді.
2. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы, егер адам Сұрау салушы Тарап мемлекетінің шекарасын кесіп өткен кезден бастап не адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында заңсыз болу фактісі анықталған кезден бастап 2 жылдан астам уақыт өткені туралы бұлтартпас дәлелдер болса, осы Келісімнің 3-бабында аталған адамды реадмиссиялау туралы сұрау салуды қабылдамауы мүмкін.
3. Егер Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында адамды беру үшін қажетті шарттардың жоқ екенін анықтаса, Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамды реадмиссиялау туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде адамды қабылдауға келісім береді немесе оны қабылдаудан уәжді түрде бас тартады. Реадмиссиялау туралы сұрау салуға уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының белгіленген тәртіппен берілген өтініші негізінде жауап беру мерзімі күнтізбелік 60 күнге дейін ұзартылады.
1. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы реадмиссиялауға келісім берген адамдарды беруді Сұрау салатын Тарап осындай келісімді алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім, егер онда көрсетілген адамдарды беруге объективті кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы себебінен Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына беру мүмкін болмаса, бұл мән-жайлар реттелгенге дейін ғана ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тиісті жазбаша хабарлама жіберіледі.
Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы реадмиссиялауға келісім берген адамды беру мүмкін болмаған кезде, Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына тиісті жазбаша хабарламаны дереу жібереді.
1. Егер Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы тармақта көрсетілген адамдарға транзит мемлекеті немесе межелі мемлекет болып табылатынына қарамастан, үшінші мемлекеттің аумағына кедергісіз келуге кепілдік берсе, Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды транзиттеуге рұқсат береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды транзиттеу Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының қызметкерлерінің ертіп жүруі арқылы жүзеге асырылады, олардың мәртебесі Атқару хаттамасында айқындалады.
3. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды транзиттеу туралы сұрау салуды Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы алдын ала, бірақ транзиттеу мақсатында Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына адамның болжамды келу күніне дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жібереді.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамдарды транзиттеу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде белгіленген тәртіппен транзиттеуге келісім береді немесе транзиттеуден бас тартады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды транзиттеуді жүзеге асыру кезінде Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының өтініші бойынша мүмкіндігінше жәрдем көрсетеді.
6. Егер:
a) үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам межелі мемлекетте немесе транзит мемлекетінде азаптауларға, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерге немесе жазалауға, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілігі белгісі бойынша, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі бойынша немесе саяси наным белгісі бойынша қудалауға ұшырайды деген қатер болса;
b) мұндай адамдардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуы қолайсыз, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау тұрғысынан қолайсыз болса, Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды транзиттеуден бас тарта алады.
7. Егер осы баптың 1-тармағында аталған адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келген соң оларға қатысты осы баптың 6-тармағында көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ егер басқа транзит мемлекетінің немесе межелі мемлекеттің аумағында кедергісіз кіруге бұдан әрі кепілдік берілген деп санауға болмаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары осы адамдарды транзиттік жол жүруге берілген рұқсатқа қарамастан, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына қайтаруы мүмкін.
8. Тараптар өзара түсіністік негізінде тікелей азаматтығы бар мемлекетке немесе тұрақты тұратын мемлекетіне қайтарылуы мүмкін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды транзиттеу жағдайларын шектеу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары алмасатын немесе бір-біріне беретін дербес деректер Тараптардың әрқайсысының мемлекетінде олардың ұлттық заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық келісімдерге сәйкес қорғалуға тиіс.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің мақсаттары үшін ғана дербес деректерді алмасады және олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
1. Осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында аталған адамдарды реадмиссиялауға және ықтимал ертіп жүруге байланысты шығыстарды, аталған адамдар дербес немесе үшінші тарап төлей алмайтын жағдайда, шығыстарды Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін Сұрау салатын Тарап көтереді.
2. Осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағында аталған адамдарды транзиттеуге және ықтимал ертіп жүруге, сондай-ақ оларды ықтимал қайтаруға байланысты шығыстарды аталған адамдар дербес немесе үшінші тарап төлей алмайтын жағдайда, бұл шығыстарды Сұрау салатын Тарап көтереді.
3. Осы Келісімнің 2-бабының 5-тармағында және 3-бабының 3-тармағында аталған адамдарды беруге және Сұрау салатын Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін оларды ықтимал ертіп жүруге байланысты шығыстарды әрекеттері немесе әрекетсіздігі реадмиссиялауға негіздері болмаған адамды беруге алып келген Тарап көтереді.
Тараптар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болатын және:
1. құзыретті органдарға және олардың арасындағы өкілеттіктерді бөлуге;
2. реадмиссиялау немесе транзиттеу туралы сұрау салудың мазмұны мен жіберу тәртібіне;
3. әңгімелесу өткізуге;
4. реадмиссиялаудың немесе транзиттеудің рәсіміне;
5. ертіп жүрушісі бар адамдарды, оның ішінде үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды транзиттеу жағдайында беру шарттарына;
6. осы Келісімді орындауға байланысты өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібіне қатысты қағидаларды қамтитын Атқару хаттамасын жасасады.
Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау
1. Ұлттық қауіпсіздікті қорғауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге немесе халықтың денсаулығын қорғауға байланысты себептер бойынша Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата алады.
2. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы екінші Тарап мұндай шешімді іске асыру басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар етіледі.
1. Тараптар арасындағы қатынастарда туындайтын және осы Келісімді орындауға немесе түсіндіруге байланысты барлық дау олардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өзара уағдаластық бойынша осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер бойынша жұмыс кездесулерін және сарапшылардың консультацияларын өткізе алады.
Басқа халықаралық келісімдердің қолданысы
Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болатын басқа халықаралық келісімдерден туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тараптардың өзара келісу бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің 14-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта осы Келісімді бұза алады. Бұл жағдайда осы Келісімнің қолданысы хабарлама алынған күннен бастап 60 күннен кейін тоқтатылады.
3. Осы Келісімді бұзу ол бұзылғанға дейін басталған реадмиссиялау рәсіміне әсер етпейді.
20___ "____"_______________ әрқайсысы қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтін теңтүпнұсқалы.
Түсіндіруде қандай да бір сәйкессіздік туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Түркия РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімге қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді іске асыру тәртібі жөніндегі атқару хаттамасы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі, 20___ жылғы "__" __________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыруға байланысты мәселелерді барынша толық реттеуге өзара ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Келісім ережелерін іске асыруға жауапты құзыретті органдар:
Қазақстан Республикасынан:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.
Түркия Республикасынан:
Түркия Республикасының Ішкі істер министрлігі – Көші-қонды басқару жөніндегі президенттік;
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі болады.
2. Келісім мен осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасасады.
3. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өздерінің байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-біріне жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
Азаматтықтың бар-жоғының дәлелдемелері
1. Тараптар мемлекеттерінің азаматтығы мынадай құжаттармен расталады:
Қазақстан Республикасы үшін:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
4) Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты;
5) теңізшінің жеке куәлігі;
6) қайтып оралуға арналған куәлік;
7) баланың туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған жағдайда);
Түркия Республикасы үшін:
1)кез келген түрдегі паспорттар,
2) Түркия берген рұқсат қағазы,
3) кез келген түрдегі жеке куәліктер (соның ішінде уақытша),
4) әскери кітапшалар және әскери жеке куәліктер,
5) теңізшілерді тіркеу кітапшалары және шкиперлердің қызметтік карточкалары,
6) азаматтығы туралы куәліктер және азаматтығы туралы айтылатын немесе нақты көрсетілетін басқа да ресми құжаттар.
2. Адам Тараптар мемлекеттерінің азаматы болып табылады деп пайымдауға негіздер:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қолданылу мерзімі өткен құжаттар;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері немесе телнұсқалары;
3) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәлардың жазбаша түсіндірмелері;
4) мемлекеттік лауазымды адамдардың жазбаша ақпараты;
5) реадмиссиялауға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері болған кезде бар болады.
Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздемелердің дәлелдемелері
1. Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздемелердің дәлелдемесі мынадай құжаттар (оның ішінде қолданылу мерзімі өткен) болады:
1) жеке басын куәландыратын және мемлекеттік шекарадан өтуге құқық беретін құжатта Тараптар мемлекеттерінің тиісті уәкілетті органдарының кіру/шығу белгісі;
2) Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының қолдан жасалған құжаттағы кіру/шығу белгісі;
3) Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында шетелдіктің тұруға рұқсаты;
4) Сұрау салынатын Тараптың мемлекеті берген босқынның жарамды куәлігі мен жол жүру құжаты;
5) Сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тұруға құқық беретін белгісі бар үшінші Тарап азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды Тараптар қосымша формальдылықтарсыз таниды.
1. Егер Сұрау салатын Тараптың пікірі бойынша осы Атқару хаттамасының 2 және 3-баптарында көзделмеген өзге құжаттар реадмиссиялауға жататын адамның азаматтығын анықтау үшін не үшінші мемлекеттер азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздер белгілеу үшін елеулі мәнге ие болуы мүмкін болса, онда мұндай құжаттар реадмиссиялау туралы сұрау салуға қоса берілуі де мүмкін.
2. Реадмиссиялау туралы сұрау салуды қарау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды назарға алу мүмкіндігі туралы мәселені Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы шешеді.
1. Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша әңгімелесу өткізу жөніндегі негізгі міндет Келісімнің 2-бабының 4-тармағына сәйкес Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көрсетілген адаммен Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының Сұрау салатын Тарап мемлекетіндегі өкіліне жүктеледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының өкілі болмаған кезде әңгімелесуді Сұрау салатын Тарап мемлекетіндегі Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің қызметкері жүргізеді.
3. Әңгімелесу Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының өкілі не (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда) Сұрау салатын Тарап мемлекетіндегі Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі осы Атқару хаттамасының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған әңгімелесу өткізу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс.
4. Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарымен келісіледі.
Реадмиссиялау туралы сұрау салудың мазмұны мен жіберу тәртібі,
сондай-ақ оған жауапты жіберу тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған реадмиссиялау туралы сұрау салуды Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына электрондық пошта арқылы және қажет болған жағдайда Келісімнің 4-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде ақпаратты берудің техникалық құралдары арқылы қосымша жібереді.
2. Тараптар мемлекеттері азаматтарын реадмиссиялау туралы сұрау салуға Сұрау салатын Тараптың иелігіндегі осы Атқару хаттамасының 2 және 4-баптарында көзделген құжаттар қоса беріледі, олардың болуы реадмиссиялауға жататын адамның Сұрау салынатын Тарап мемлекеті азаматтығы бар екенін растайды немесе болжауға негіз береді.
3. Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау туралы сұрау салуға Сұрау салатын Тараптың иелігіндегі осы Атқару хаттамасының 3 және 4-баптарында көрсетілген құжаттар қоса беріледі, олардың болуы көрсетілген адамдарды реадмиссиялау үшін негіздерді растайды.
4. Реадмиссиялау туралы сұрау салуға жауапты Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы жазбаша нысанда электрондық пошта арқылы және қажет болған жағдайда Келісімнің 4-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде ақпаратты берудің техникалық құралдары арқылы қосымша жібереді.
Транзиттеу туралы сұрау салуды жіберу және оған жауап беру тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған транзиттеу туралы сұрау салуды Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына электрондық пошта арқылы және қажет болған жағдайда, Келісімнің 6-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде ақпаратты берудің техникалық құралдары арқылы қосымша жібереді.
2. Транзиттеу туралы сұрау салуға жауапты Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы жазбаша нысанда электрондық пошта арқылы және қажет болған жағдайда Келісімнің 6-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде ақпаратты берудің техникалық құралдары арқылы қосымша жібереді.
Реадмиссиялауға немесе транзиттеуге жататын адамды ертіп жүру
1. Ертіп жүрушісі бар адамды реадмиссиялау немесе транзиттеу қажет болған жағдайда Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына ертіп жүретін адамдардың аттарын, тегі мен лауазымдарын, олардың паспорттарының түрін, нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін, сондай-ақ олардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуының болжамды мерзімдерін хабарлайды.
2. Ертіп жүретін адамдар Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болған кезде оның ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.
3. Ертіп жүретін адамдар азаматтық киімде, сондай-ақ өздерімен реадмиссиялауға немесе транзиттеуге қатысты келісілген уағдаластықты куәландыратын жарамды паспорттары мен құжаттары болуға тиіс.
4. Ертіп жүретін адамдардың Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында айналымнан шектелген немесе алып қойылған қару-жарақ пен өзге де заттарды алып жүруіне тыйым салынады.
5. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында ертіп жүретін адамдардың болуын қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселе бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ретте Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қажет болған жағдайда ертіп жүретін адамдарға ықтимал жәрдем көрсетеді.
Реадмиссиялау немесе транзиттеу рәсімі
1. Адамдарды реадмиссиялау немесе транзиттеу Тараптар мемлекеттерінің халықаралық қатынас үшін ашық барлық шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
2. Реадмиссиялаудың немесе транзиттеудің күні мен уақыты, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдаланылатын Тараптар мемлекеттерінің шекаралық бақылау пункттері әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының өзара келісу бойынша айқындалады.
3. Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссиялауға жататын адамды берудің жоспарланған күніне дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органын осындай берудің шарттары туралы хабардар етеді.
Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осындай ақпаратты алған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органын беру шарттарының қолайлылығы туралы хабардар етеді.
4. Егер Сұрау салатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы ұсынған беру шарттары Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы үшін қолайсыз болып табылған жағдайда, берудің басқа да шарттары мүмкіндігінше тезірек келісілуге тиіс.
Келісімнің және осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асыру мақсатында осы Атқару хаттамасының 1, 2, 3-қосымшаларында көзделген құжаттарды Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ағылшын тілінде жасайды.
Осы Атқару хаттамасының 1, 2, 3-қосымшалары оның ажырамас бөлігі болады.
1. Осы Атқару хаттамасы Келісіммен бір мезгілде күшіне енеді және өз қолданысын тоқтатады.
2. Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Атқару хаттамасына оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамаларда ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл хаттамалар Келісімнің 14-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.
20___ "___"______________________ екі данада әрқайсысы қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтін теңтүпнұсқалы.
Түсіндіруде қандай да бір сәйкессіздік туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.
| 20__ жылғы "___" _________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді іске асыру тәртібі жөніндегі атқару хаттамасына 1-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының ресми бланкі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді іске асыру туралы атқару хаттамасының 5-бабына сәйкес Әңгімелесу өткізу туралы сұрау салу
А. Дербес деректер:
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызу) ..................................
............................................................................................... Фото
2. Некеге дейінгі тегі ...............................................................
....................................................................................................
3. Туған күні мен жері ............................................................
...................................................................................................
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша
белгілері және т.б.) ..................................................................................
......................................................................................................................
5. Өзге есімдермен танылуы (бұрынғы есімдері, өзі қолданатын, белгілі болған басқа
есімдері немесе бүркеншік аттары) .................................................
……………………………………………………………………………
6. Азаматтығы және тілі ………………………………………………
7. Отбасылық жағдайы .............................................................................................
Жұбайының аты-жөні (егер некеде болса) және оның орналасқан жері ............
.....................................................................................................................................
Балалардың есімдері мен жасы (бар болса) және олардың орналасқан жері .....
.....................................................................................................................................
8. Сұрау салатын Тарап мемлекетінде тіркелген соңғы мекенжайы ...................
.....................................................................................................................................
9. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тіркелген соңғы мекенжайы ..............
.....................................................................................................................................
10. Қозғалыс маршруттары туралы мәліметтер ....................................................
.....................................................................................................................................
11. Денсаулық жағдайы, медициналық шектеулер және ұсынымдар .................
.....................................................................................................................................
12. Адамның қолындағы құжаттар .........................................................................
.............................................................................................................................
............................................................ .............................................................
(құжат түрі) (берілген күні мен орны)
........................................................... ............................................................
(құжатты берген орган) (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
B. Ескерту ..................................................................................................................
....................................................................................................................................
Әңгімелесу өткізу орны Қолы
........................................................... ...../...../..............
| 20__ жылғы "___" _________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді іске асыру тәртібі жөніндегі атқару хаттамасына 2-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының ресми бланкі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді іске асыру туралы атқару хаттамасының 6-бабына сәйкес Реадмиссиялау туралы сұрау салу
А. Дербес деректер
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызу) ............................
................................................................................................
2. Некеге дейінгі тегі ....................................................... Фото
................................................................................................
3. Туған күні мен жері .........................................................
................................................................................................
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша
белгілері және т.б.) ..................................................................................
...............................................................................................................................
5. Өзге есімдермен танылуы (бұрынғы есімдері, өзі қолданатын, белгілі болған басқа
есімдері немесе бүркеншік аттары) .................................................
.....................................................................................................................................
6.Азаматтығы және тілі ............................................................................................
7. Тұруға берілген ықтиярхаттар, уақытша тұруға рұқсаттар немесе визалар туралы
мәліметтер ...................................................................................................
.....................................................................................................................................
8. Отбасылық жағдайы …………………………………………………………….
Жұбайының аты-жөні (егер некеде болса) және оның орналасқан жері ............
……………………………………………………………………………………….
Балалардың есімдері мен жасы (бар болса) және олардың орналасқан жері .....
.....................................................................................................................................
9. Сұрау салатын Тарап мемлекетінде тіркелген соңғы мекенжайы ...................
.....................................................................................................................................
10. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тіркелген соңғы мекенжайы ............
.....................................................................................................................................
11. Қозғалыс маршруттары туралы мәліметтер ....................................................
.....................................................................................................................................
12. Адамның Сұрау салатын Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келгені немесе
болғаны туралы шешім қабылдау үшін негіздер ......................................
.....................................................................................................................................
В. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтімнің қажеттілігіне ықтимал
нұсқаулар, жұқпалы аурудың атауы және т.б.) .....................................................
.....................................................................................................................................
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасады деген күдік, агрессивті
мінез-құлыққа бейімділік және т.б.) ....................................................
.....................................................................................................................................
С. Азаматтық тиесілілігіне қоса берілетін дәлелдемелер
1. Азаматтық тиесілігін растайтын құжаттар:
.......................................................... .............................................................
(құжат түрі) (берілген күні мен орны)
.......................................................... .............................................................
(берген орган) (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
2. Азаматтықты растау..............................................................................................
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
D. Ескерту
.....................................................................................................................................
............................................................................................................................
Қолы
...../...../.............
| 20__ жылғы "___" _________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді іске асыру тәртібі жөніндегі атқару хаттамасына 3-қосымша |
Тараптар мемлекетінің құзыретті органдарының ресми бланкісі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді іске асыру туралы атқару хаттамасының 7-бабына сәйкес транзиттеу туралы сұрау салу
А. Дербес деректер
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызу) .................................
......................................................................................................
2. Некеге дейінгі тегі …………………………………………. Фото
......................................................................................................
3. Туған күні мен жері ..............................................................
.....................................................................................................
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша
белгілері және т.б.) ..................................................................................
.....................................................................................................................
5. Өзге есімдермен танылуы (бұрынғы есімдері, өзі қолданатын, белгілі болған, басқа
есімдер немесе бүркеншік аттары) .................................................
....................................................................................................................................
6. Азаматтығы және тілі............................................................................................
7. Жол жүру құжатының түрі мен нөмірі ...............................................................
.....................................................................................................................................
....................................................................................................................................
B. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтімнің қажеттігі, жұқпалы аурудың
атауы және т.б.) .........................................................................................
.....................................................................................................................................
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасады деген күдік, агрессивті
мінез-құлыққа бейімділік және т.б.) ....................................................
.....................................................................................................................................
..................................................................................................................................
C. Транзиттік операция
1. Межелі мемлекет ..................................................................................................
2. Транзиттеу мүмкін болған басқа мемлекеттер ..................................................
.....................................................................................................................................
3. Мемлекеттік шекарадан өтудің ұсынылатын орны, күні, уақыты ..................
.....................................................................................................................................
4. Ертіп жүретін адамдар туралы мәліметтер ........................................................
.....................................................................................................................................
D. Ескерту
.....................................................................................................................................
.....................................................................................................................................
Адамды қабылдауға басқа транзит мемлекеті және (немесе) межелі мемлекет кепілдік
берді ................................................................................
Қолы
...../....../..........