"Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 948 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасында (бұдан әрі – Ұлттық жоба):

      Ұлттық жобаға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Ұлттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық жобаның орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 23 қазандағы
№ 948 қаулысына
қосымша
"Энергетикалық және
коммуналдық секторларды
жаңғырту" ұлттық жобасына
2-қосымша

Өтпелі ережелер

      Өтпелі кезең жобаларының тізбесіне енгізу үшін 2025 жылы мәлімделген жобалар ұсынылған материалдардың толықтығы, сондай-ақ осы қаулыда және оған қосымшада көзделген құжаттардың, оның ішінде:

      1) қажет болған кезінде жобалау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды, сондай-ақ техникалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қамтитын ЖСҚ-ның;

      2) ЖСҚ-ның кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысының;

      3) ақаулық актілерінің және аварияларды тіркеу журналдарының көшірмелері қоса беріліп, жылдар бойынша көрсете отырып, соңғы үш жыл ішінде орын алған авариялар, технологиялық бұзушылықтар және ажырату жағдайлары туралы мәліметтердің;

      4) қажет болған кезінде – табиғи монополия субъектісі (бар болса), жобаның маңыздылығы, инфрақұрылымның тозу дәрежесі туралы мәліметтерді, сондай-ақ отандық өндіріс өнімінің қолданылуы және (немесе) шетелде шыққан материалдар туралы деректерді қамтитын түсіндірме жазбаның;

      5) жеке сипаттамалары мен іске асырылу ерекшеліктері ескеріле отырып, жобаны қарау барысында ұсынылуы қажет деп танылуы мүмкін өзге де құжаттардың бар-жоғы тұрғысынан қаралуға тиіс.

      Өтпелі кезең жобаларының тізбесіне енгізу үшін 2025 жылы мәлімделген жобаларды қарау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2025 жылы ЖСҚ әзірленіп, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған жобалар қаралуға тиіс.

      ЖАО балансындағы объектілерге қатысты ТМС ұсынған өтінімдер де қарауға қабылданады.

      Қаржы операторы Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында өтінімдерді "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ bgov.kz ішкі жүйесі, қаржы институтының жеке кабинеті, ішкі электрондық құжат айналымы жүйесі, электрондық пошта арқылы ("Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС базасында электрондық платформа пайдалануға берілгенге дейінгі уақытша шара ретінде), сондай-ақ қағаз жеткізгіште қабылдайды.

      Бұл ретте жобаларды салу және іске асыру процестерін жеделдету мақсатында көрсетілген өтпелі кезеңде өтінімдерді қарау тәртібі Ұлттық жобаның бекітілген құжаттамасында белгіленген рәсімдерден өзгеше болады.

      Мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен қаржыландыру

      МБҚ тетігі бойынша қаржыландыру қаржы операторының жолдауы алынғаннан кейін мыналар арқылы жүзеге асырылады:

      ӨҚМ және ЭМ жолдайтын жобаларды бөлу;

      техникалық оператордың және тарифтік реттеушінің оң қорытындыларын алу.

      Бұған қоса, кейіннен өтпелі кезеңде іске асыруды жалғастыра отырып, ЖАО МБҚ сатып алу тетігі арқылы 2025 жылы қаржыландыру басталған жобаларға қатысты ЖАО және (немесе) коммуналдық және квазимемлекеттік секторларға жататын ТМС тапсырыс берушінің сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының кешендерін, сондай-ақ сумен, электрмен, жылумен жабдықтау (жылу энергиясын өндіру, беру және өткізу) және су бұру желілері мен жүйелерін қаржыландыру, реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға құқылы.

      Көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыруды жеделдету мақсатында нарықтық жағдайларда орналастырылатын облигациялық қарыздар есебінен жүзеге асырылады.

      Жобаларды облигациялық қарыздарды нарықтық жағдайларда орналастыру арқылы тартылатын қаражат есебінен қаржыландыруды ЖАО және (немесе) коммуналдық және квазимемлекеттік секторларға жататын ТМС жүзеге асырады.

      ЖАО және (немесе) ТМС Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тазарту құрылысжайларының кешендерін, сондай-ақ сумен, электрмен, жылумен жабдықтау (жылу энергиясын өндіру, беру және өткізу) және су бұру желілері мен жүйелерін қаржыландыру, реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу бойынша тапсырыс берушілер болуға құқылы.

      ЖАО-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар ЖСҚ-да көзделген құн шегінде шығыстардың бір бөлігін жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қоса қаржыландыруды жүзеге асыру құқығы беріледі.

      ЖАО "ҚТК" АҚ акционерлік қоғамы алдындағы нарықтық жағдайларда орналастырылатын МБҚ бойынша міндеттемелердің, оның ішінде ТМС тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайларда толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.

      Тазарту құрылысжайларының кешендерін, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін реконструкциялауды және (немесе) күрделі жөндеуді қоса алғанда, жобаларды және қаржыландыру көлемін келісуді ЖАО құрылыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін бөлуге сәйкес бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органдар тиісті қаржы жылына белгілеген борыш лимиттері шегінде жүзеге асырады.

      Сол сияқты электрмен және жылумен жабдықтау (жылу энергиясын өндіру, беру және өткізу) желілері мен жүйелеріне қатысты жобаларды келісу энергетика саласындағы уәкілетті орган бекітетін бөлуге сәйкес, сондай-ақ борыштың бекітілген лимиттері шегінде жүргізіледі.

      ТМС мен табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті орган арасында тарифтің қолданылу кезеңінде жыл сайынғы өсуі туралы жасалған келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін жабу үшін субсидиялар бөлу туралы шешімі болмаған кезде ЖАО жергілікті бюджет қаражатын пайдалану мүмкіндігін қоса алғанда, МБҚ бойынша міндеттемелердің тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

      ЖАО МБҚ шығару тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36181 болып тіркелген) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларында айқындалған.

      "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ арқылы қаржыландыру

      "ҚДБ" АҚ арқылы қаржыландыру қаржы операторының жолдауы және техникалық оператор мен тарифтік реттеушінің қорытындысы алынғаннан кейін "ҚДБ" АҚ-ға жіберілетін өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте қаржыландыруға берілген жобалардың бір бөлігі белгіленген іріктеу өлшемшарттарына, абоненттік база деңгейіне қойылатын талаптарға, Ұлттық жоба шеңберінде қарау рәсімдеріне және EPC немесе EPC+F шарттарының талаптарына сәйкес келмеген, бұл мынадай факторларға:

      дайын өнім берушілер мен мердігерлік ұйымдардың болуы;

      ЖСҚ-ның әзір болуы;

      жылыту маусымы басталғанға дейін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігіне байланысты.

      Көрсетілген жобалар іске асырылу мерзімдері, техникалық әзірлігі және орындау басымдылығы ескеріле отырып, жеке тәртіппен қаралуға тиіс.

      Республикалық бюджет комиссиясының қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара өтеу үшін субсидиялар бөлу туралы шешімі болмаған жағдайда ТМС сыйақының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді қоса алғанда, қаржы институттары алдындағы міндеттемелерінің уақтылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында "ҚТК" АҚ субсидиялауға арналған өтінімдерді ішкі электрондық құжат айналымы жүйесімен электрондық пошта арқылы, сондай-ақ "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС базасында электрондық платформаны пайдалануға бергенге дейін уақытша шара ретінде қағаз түрінде қабылдайды.

      Жобалардың тізбесі:

Р/с
№

Атауы

Өңір

Табиғи монополия субъектісінің атауы

Өлшем бірлігі

Қаржыландырудың барлығы

2025
жыл

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

2029 жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Павлодар қаласында ЖЭО-1 – НО-52 учаскесінде өткізу қабілетін ұлғайта отырып (Ду1000 дейін), жаңа ТМ-20А жылу магистралін салу

Павлодар облысы

"Павлодар жылу желілері" ЖШС
 

млн теңге

9743

9743





2

"Қарағанды Су" ЖШС су тазарту кешенінің 2, 3-кезегінің негізгі құрылысжайлары блоктарын реконструкциялау

Қарағанды облысы

"Қарағанды су" ЖШС

млн теңге

15130

2458

5107

5107

2458


3

Теміртау қаласының Амангелді көшесі бойында 6-шағын ауданның № 7 үйінен Теміртау көшесіндегі ЖК-4А-ға дейін ЖМ-2А жылу желілерін реконструкциялау

Қарағанды облысы

"Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

млн теңге

1891

1891





4

Теміртау қаласының Мичурин көшесі бойында ЖМ-3 жылу желілерін ВК "Мука-Сахар" (Қарағанды көшесі) – ТП-34-ке дейін реконструкциялау

Қарағанды облысы

"Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

млн теңге

6227

4999

1228




5

М2 жылу магистралін № 2 сорғы станциясынан № 2 сорғы станциясымен ЖК-728-ге дейін реконструкциялау

Қарағанды облысы

"Теплотранзит" ЖШС

млн теңге

10558

5000

5558




6

Орал қаласында ЖМ-6-ны 1 нүктеден Гагарин және Ружейников көшелерінің қиылысындағы ЖК-6-ға дейін жылу желілерін реконструкциялау (жылу желілері)

Батыс Қазақстан облысы

"Жайықжылуқуат" АҚ

млн теңге

1681

504

1177




7

Орал қаласында ТМ-7-ні ТК-2-27-ден ТК-7-14-ке дейін реконструкциялау (жылу желілері)

Батыс Қазақстан облысы

"Жайықжылуқуат" АҚ

млн теңге

2585

775

1810




8

Орал қаласында Құрылысшы шағын ауданында ТОП-28, ТОП-33-тен шығатын орамішілік желілерді реконструкциялау

Батыс Қазақстан облысы

"Жайықжылуқуат" АҚ

млн теңге

1840


920

920



9

Бөрлі, Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының 10 кВ ӘЖ, 0,4 кВ ӘЖ мен 10/0,4 кВ КТҚ-ны реконструкциялау

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" ЖШС

млн теңге

4838

1451

3387




10

Жәнібек ауданында 35 кВ "Жақсыбай-Таловка" ӘЖ (10 кВ-ге ауыстыру), Тасқала ауданында 35 кВ "Паника-ҚКСР-ның 40 жылдығы" ӘЖ, 35 кВ "Пятимар-Жаңаталап" ӘЖ ("Мортық" қосалқы станциясынан кіріс-шығыс бөлігін орындау) реконструкциялау және Жаңақала ауданында 35 кВ "Жаңақала-Мәштексай" ӘЖ салу (түзету)

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" ЖШС

млн теңге

1584

475

1109




11

Орал қаласында 0,4 кВ ӘЖ реконструкциялау

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" ЖШС

млн теңге

3605

1081

2523




12

Орал қаласындағы КСС-1 ғимаратын реконструкциялау,

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс су арнасы" ЖШС

млн теңге

2336

701

1635




13

Орал қаласындағы КСС-29 реконструкциялау

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс су арнасы" ЖШС

млн теңге

1 88

536

1252




14

Орал қаласының КСС-20-сорғы жабдығының және су өткізгіштің қуатын Д 300-ден
Д 500-ге дейін ұлғайта отырып реконструкциялау

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс су арнасы" ЖШС

млн теңге

1104

331

773




15

Орал қаласының жерасты су көзін кеңейту үшін 5 су тарту ұңғымасын салу (бұрғылау)

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс су арнасы" ЖШС

млн теңге

605

181

424




16

Тайынша қаласының Теміржол шағын ауданының жылу трассасын жаңғырту

Солтүстік Қазақстан облысы

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

млн теңге

765

765





17

Степногорск қаласының жылу магистральдарын реконструкциялау

Ақмола облысы

"Степногорск Теплотранзит" ЖШС

млн теңге

5830






18

110 кВ "ГРЭС-2-Қарағайлы" ӘЖ-нің 1, 2-тізбегін реконструкциялау: – ӘЖ-110 кВ "Карбышевка ҚС" – "Қарағайлы ҚС" (39 км реконструкциялау);
110 кВ "Астаховка-Шоқай" ӘЖ реконструкциялау (19,2 км реконструкциялау);
35/10 кВ "Жосалы" ҚС реконструкциялау (2 күш трансформаторын монтаждау);
110/6 кВ "РТИ" ҚС реконструкциялау (2 күш трансформаторы мен 2 реакторды монтаждау)

Қарағанды облысы

"Қарағанды Жарық" ЖШС

млн теңге

18552






19

ӘЖ АС сымын 35 кВ "ЛҚайтпас" композиттік өзекшесі бар жоғары температураға төзімді сымға ауыстыру арқылы реконструкциялау; 0,4 кВ ӘЖ СИП қолдану арқылы реконструкциялау

Шымкент қаласы

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС

млн теңге

2400






20

Электр желілерін жаңғырту және реконструкциялау

Жетісу облысы

"Талдықорған акционерлік көлік-электр желілері компаниясы" АҚ

млн теңге

8770






21

ЖЭО-2-ден Батыс жылу кешеніне дейін толық ауыстырылатын жылу магистралін реконструкциялау

Алматы қаласы

"Алматы электр станциялары" АҚ

млн теңге

46 98


7320

11988

10985

16205

22

Ақсу қаласындағы Ленин көшесі бойындағы жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау

Павлодар облысы

"Теплосервис-Ақсу" КМК

млн теңге

2337






23

Ақсу қаласындағы Астана көшесі бойындағы магистральдық желілерді реконструкциялау

Павлодар облысы

"Теплосервис-Ақсу" КМК

млн теңге

602






24

Көтеру сорғы станциясын сала отырып, "Қарағанды-Теміртау" су құбырын реконструкциялау (түзету)

Қарағанды облысы

"Окжетпес Т" ЖШС

млн теңге

9982,5






25

Орал қаласындағы жерасты су құбырының V көтерілім сорғы станциясынан С-Шығыс шағын ауданының су құбыры камерасына дейін және Солтүстік-Шығыс камерасынан су тазарту құрылыстарына дейінгі диаметрі 1000 мм су тартқыштарды реконструкциялау

Батыс Қазақстан облысы

"Батыс су арнасы" ЖШС

млн теңге

9656,9


9656,9





Барлығы

*

15

млн теңге

170908,4

30891

43880

18015

13443

16205

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы

      ЖАО – жергілікті атқарушы орган

      ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      "ҚДБ" АҚ – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

      "ҚТК" АҚ – "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы

      МБҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар

      ММ – мемлекеттік мекеме

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      ТМС – табиғи монополия субъектісі

      "Теплосервис-Ақсу" КМК – "Теплосервис-Ақсу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады