Қазақстан Республикасының Қаржы министрлері мен орталық банктер басшыларының жиырмалық тобымен өзара іс-қимылы жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 85-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасын Қаржы министрлері мен орталық банктер басшыларының жиырмалық тобының саммитіне (бұдан әрі – G-20 саммиті) қатысушылардың құрамына қосу және G-20 саммиті шеңберінде әлемдік экономиканы реформалау жөніндегі Қазақстан Республикасының бастамаларын әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

–

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Жошыбаев
Рәпіл Сейітханұлы

–

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, жетекшінің орынбасары

Қабылбеков
Айдарбек Жапбарбекұлы

–

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көпжақты экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, хатшы

Бекетаев
Марат Бақытжанұлы

–

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы

Ерғожин
Дәулет Еділұлы

–

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

–

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасын G-20 саммитіне қатысушылардың құрамына қосу және G-20 саммиті шеңберінде әлемдік экономиканы реформалау жөніндегі Қазақстан Республикасының бастамалары бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсiн.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады