1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі мен қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің |
|
| 2026 жылғы 29 шілдедегі № 124-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган |
Орындау | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ІІМ | 2026 жылғы тамыз | И.В.Лепеха |
2. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2026 жылғы тамыз | Д.М.Ваисов |
3. | Жеке сот орындаушыларының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы тамыз | Д.М.Ваисов |
4. | "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы тамыз | Д.М.Ваисов |
5. | "Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы тамыз | Д.М.Ваисов |
6. | "Атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 697 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы тамыз | Д.М.Ваисов |
7. | Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны бекіту туралы | астананың, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулылары | ЖАО | 2026 жылғы тамыз | аппарат басшылары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ЖАО – жергілікті атқарушы орган;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.