1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О.Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 127-ө өкімімен |
|
| бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен негізделген құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БП (келісу бойынша) | 2026 жылғы шілде | Ж.Ж. Өмірәлиев |
2. | "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (қызмет бабында пайдалану үшін) | БП (келісу бойынша) | 2026 жылғы шілде | Ғ.А. Садырбеков |
3. | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК (келісу бойынша) | 2026 жылғы шілде | А.М. Айманакумов |
4. | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК (келісу бойынша) | 2026 жылғы шілде | А.М. Айманакумов |
5. | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлар құқықтарын қорғау комитеті жанындағы инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы сотқа дейінгі дауларды реттеу жөніндегі комиссия құру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2026 жылғы шілде | Ж.Ж. Өмірәлиев |
6. | "Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы шілде | Д.О. Темірбеков |
7. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бірлескен бұйрығы мен қаулысы | МҚІА (келісу бойынша), ОСК (келісу бойынша) | 2026 жылғы шілде | Ә.Ғ. Ахмедьяр, А.М. Айманакумов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
ОСК – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.