"Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 370 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 1391 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 06.08.2026 № 1391 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы";

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады