| Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ
Ескерту. Жарлық қосымшамен толықтырылды – ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы, хатшы
Ведомствоаралық комиссияның мүшелері:
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) – мемлекеттік органдардың құқық бұзушылық профилактикасы және Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2. Ведомствоаралық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.
4. Мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық топ құрылады, оның қызметі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2-тарау. Ведомствоаралық комиссияның құрамы
Ескерту. 2-тарау алып тасталды - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
3-тарау. Ведомствоаралық комиссияның өкiлеттiктерi
8. Ведомствоаралық комиссияның негізгі өкілеттіктері:
1) мемлекеттік органдардың құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері және Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру және Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
3) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың және Тұжырымдаманың іске асырылу барысын қарау;
4) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жетілдіру және Тұжырымдаманы іске асыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына енгізу;
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері және Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру бойынша ақпараттық материалдарды дайындап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;
6) мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдарының құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері және Тұжырымдаманың іске асырылуы жөніндегі, сондай-ақ өздері жүргізіп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдау, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) ведомствоаралық топтың ұсынымдарын қарау;
8) Тұжырымдаманың іске асырылуы жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі кейінгі жылдарға арналған бағдарламалық құжаттың жобасын дайындап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.4-тарау. Ведомствоаралық комиссия қызметінің тәртібі
9. Ведомствоаралық комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған кезде немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның функцияларын орынбасары атқарады.
10. Ведомствоаралық комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз жеке өздері қатысады, бұл талап Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына қолданылмайды, олар отырыстарға жеке өздері қатысады не Ведомствоаралық комиссияның төрағасымен келісу бойынша жетекшілік ететін орынбасарларына қатысуға өкілеттік береді. Ведомствоаралық комиссияның отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.08.2026 № 1387 (01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.11. Отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Ведомствоаралық комиссияның төрағасы бекітеді.
12. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі және егер оларға Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
13. Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізу нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалып, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін хатшы хаттаманы ресімдейді. Хатшы Ведомствоаралық комиссияның мүшесі болмайды.
14. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы:
1) Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) оның отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, олар хаттаманың жобасы қоса беріле отырып, оның отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын Ведомствоаралық комиссияның мүшелеріне жіберіледі;
3) отырыстар хаттамаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) Ведомствоаралық комиссия материалдарының, сондай-ақ дауыс беру парақтарын қоса бере отырып, хаттамалық шешімдерінің есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
15. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен қайта ұйымдастырылады және таратылады.