"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 1387 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілсін.";

      осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже";

      1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) – мемлекеттік органдардың құқық бұзушылық профилактикасы және Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.";

      "4. Мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық топ құрылады, оның қызметі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.";

      "Ведомствоаралық комиссияның құрамы" деген 2-тарау алып тасталсын;

      8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ведомствоаралық комиссияның негізгі өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік органдардың құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері және Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру және Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      3) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың және Тұжырымдаманың іске асырылу барысын қарау;

      4) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жетілдіру және Тұжырымдаманы іске асыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына енгізу;

      5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері және Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру бойынша ақпараттық материалдарды дайындап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;

      6) мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдарының құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері және Тұжырымдаманың іске асырылуы жөніндегі, сондай-ақ өздері жүргізіп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдау, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      7) ведомствоаралық топтың ұсынымдарын қарау;

      8) Тұжырымдаманың іске асырылуы жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі кейінгі жылдарға арналған бағдарламалық құжаттың жобасын дайындап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу.";

      "10. Ведомствоаралық комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз жеке өздері қатысады, бұл талап Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына қолданылмайды, олар отырыстарға жеке өздері қатысады не Ведомствоаралық комиссияның төрағасымен келісу бойынша жетекшілік ететін орынбасарларына қатысуға өкілеттік береді. Ведомствоаралық комиссияның отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.".

      2. Осы Жарлық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 3 тамыздағы
№ 1387 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 10 наурыздағы
№ 1200 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы, хатшы

Ведомствоаралық комиссияның мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады