Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы "Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы" N 16/94 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 03 маусымдағы № 33/186 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 01 шілдеде № 14-5-97 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 34/182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 28.01.2015 № 34/182 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-73 тіркелген, 3 сәуір 2009 жылғы "Шаян" газетінде жарияланған) № 16/94 шешімнің қосымшасы, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Б.Қалаубай

      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков

Бәйдібек аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 3 маусымдағы № 33/186
шешіміне қосымша

Бәйдібек аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 17 ақпандағы № 16/94
шешіміне қосымша

      Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкалары 

№

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салықтың базалық ставкалары (АЕК)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады