"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 54-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 01.06.2026 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму министрінің | |
міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 19 наурыз
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 145 бұйрығымен бекітілген |
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 01.06.2026 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 54-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру (сауда мақсатында теңізде жүзу)" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кеме – сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін жүзбелі құрылыс;
2) кеме иесі – кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негізде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын адам;
3) кеменің меншік иесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес кеме иесі ретінде тіркелген адам (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 11125 болып тіркелген);
4) уәкілетті орган – сауда мақсатында теңізде жүзу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
2-тарау. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібі
3. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 9883 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) беріледі.
Куәлік Қазақстан Республикасының тиісті теңіз тізілімінде кеменің қолданыстағы тіркеуі болған жағдайда беріледі.
4. Кеме иесі және (немесе) кеме иеленуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру (сауда мақсатында теңізде жүзу)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды жолдайды.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
5. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі
Құжаттарды қарау және Куәлікті беру бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Өтінішті өңдеу қызмет көрсетушіге келіп түскен және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорында тіркелген кезден бастап жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда бұйрықпен бекітілген нысан бойынша куәлік береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" порталы арқылы электрондық құжат нысанында өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтінішті қайта беру "цифрлық үкімет" порталы арқылы жалпы тәртіппен жүзеге асырылатынын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының бас тарту себептері жойылғаннан кейін қайта жүгіну құқығын көздейтін, ал қайта өтінішті қабылдаудан бас тартуға құжатпен расталған негіздер болған кезде ғана жол беріледі.
7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және бірыңғай байланыс орталығына жібереді
8. Куәлік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерге үш жыл мерзімге беріледі. Бербоут-чартер тізілімінде тіркелген кемелерге куәлік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының қолданылу мерзіміне беріледі.
9. Куәліктің қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) куәліктің жарамдылық мерзімі кезінде;
2) кеменің жалпы сыйымдылығының өзгеруі кезінде;
3) кеменің экипажының штаттық кестесі өзгерген кезінде.
10. Кеме иесі куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші кеме иесінің немесе кеме иесінің еркін нысанда жасалған куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініші бойынша оған көрсетілген куәліктің телнұсқасын өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағымды қарау нәтижелері шешіммен (хабарламамен) жазбаша немесе электрондық нысанда рәсімделеді, уәкілетті лауазымды адамның қолымен расталады және көрсетілетін қызметті алушыға шешім "цифрлық үкімет" порталы арқылы немесе шешім қабылданғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде басқа құжатпен расталатын тәсілмен жіберіледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Жоғары тұрған әкімшілік орган лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотта шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын әкімшілік орган әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарлайды.
| Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Кеме экипажынның ең аз құрамы туралы куәлікті алу туралы өтініш
1. Тіркелді_____________________________________________________
2. Тіркеу нөмірі_________________________________________________
3. Тіркеу күні___________________________________________________
4. Кеме атауы___________________________________________________
5. Тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы____________________________
6. IMO нөмірі___________________________________________________
7. Тіркелген порты_______________________________________________
8. Жалпы сыйымдылығы_________________________________________
9. Негізгі қозғалтқыш қондырғысының қуаты, кВт___________________
10. Кеме түрі____________________________________________________
11. Кезеңмен вахтасыз қызмет көрсететін машиналық үйжайы
_______________________________________________________________
12. Жүзіп-қарау ауданы___________________________________________
13. Пайдаланушы компания________________________________________
Цифрлық жүйелерде құпия болып саналатын заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_____________ "___" _____________20___жыл
(қолы)
| Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру қағидаларына 2-қосымша |
"Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру (сауда мақсатында теңізде жүзу)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру (сауда мақсатында теңізде жүзу) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | - |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету және оның кіші түрлерін ұсыну тәсілдері (бар болса) | "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – порт) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету және оның кіші түрлері (бар болса) | 3 (үш) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 27 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Кеме экипажының ең аз құрамына куәлік (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9883 болып тіркелген) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
