РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 330) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген |
Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың
инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу,
жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы
шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке
жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті
сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 330) тармақшасына сәйкес сәйкес әзірленген және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – Заң) 15-4-бабының 1-тармағына сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына, сондай-ақ қосалқы жабдығына қатысты жасалады.
Қосалқы жабдыққа арналған шығындар негізгі генерациялайтын жабдықтың шығындарымен ғана жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған жеке тарифке енгізіледі және негізгі өндіруші жабдық құнының отыз пайызынан аспайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) балдардың сәйкес келуі - осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асыратын балдарды қою нəтижелері бойынша бір мезгілде екі немесе одан да көп инвестициялық бағдарламалардың жинайтын балдары санының мәні;
2) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы – жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бағдарламасы, оның іс-шаралары жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) бір электр станциясының негізгі генерациялайтын қондырғысын сондай-ақ қосалқы жабдығына қамтиды;
3) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім – уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларын жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жасасатын және жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған бір немесе бірнеше инвестициялық бағдарламаларды қамтитын келісім;
4) жобаны дайындау және іске асырудың жоспар-графигі (бұдан әрі – Жоспар-график) – есепті көрсеткіштерді айқындайтын және іздестіру, логистикалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын іске асыру мерзімдерін көздейтін, энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы бекітетін инвестициялық келісімді іске асырудың егжей-тегжейлі графигі;
5) негізгі генерациялайтын жабдыққа инвестицияларды жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейі – энергия өндіруші ұйымның негізгі генеерациялайтын жабдықты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға инвестициялық салымдарды қайтару үшін қажетті жыл сайынғы жылдық табысы, ол электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф мәнінің және осы инвестициялық бағдарламаның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі мәнінің, сондай-ақ айлармен көрсетілген жыл ұзақтығы мәнінің көбейтіндісімен айқындалады;
5-1) қосалқы жабдыққа инвестицияларды жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейі – энергия өндіруші ұйымның қосалқы жабдықты жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарлама іс-шараларын іске асыруға инвестициялық салымдарын қайтару үшін қажетті жыл сайынғы жылдық табысы, ол электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф мәнінің және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің бірлікке теңестірілген мәнінің, сондай-ақ тоқсанмен көрсетілген жыл ұзақтығы мәнінің көбейтіндісі арқылы айқындалады.
6) инвестициялық бағдарламаға қаржылық аудит – мамандандырылған аккредиттелген ұйым жүргізетін рәсім, оны жүргізгеннен кейін Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес келетін және энергия өндіруші ұйымның кредит төлеу қабілеттілігін, инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың орындылығы мен талап етілетін көлемін талдауды қамтитын аудиторлық қорытынды жасалады;
7) негізгі генерациялайтын жабдық – қазандық қондырғы, турбиналық қондырғы және электр генераторы;
8) рұқсат етілген көлем – 2015 жылғы инвестиция көлемінің 900 (тоғыз жүз) пайызының және алдыңғы кезеңдерде (жылдарда) жасасқан жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған қолданыстағы инвестициялық келісімдердің жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту инвестициялық бағдарламалары бойынша қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі сомасының айырмасы;
9) техникалық аудит – мамандандырылған аккредиттелген ұйым жүргізетін рәсім, оны жүргізгеннен кейін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын, тозу және өнімділік динамикасын анықтауды, техникалық орындылығын талдауды, жобаны іске асыру үшін тиісті инфрақұрылымның және қажетті отын қорларының болуын қамтитын аудиторлық қорытынды жасалады.
10) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
11) 2015 жылғы инвестициялар көлемі - 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде салған инвестицияларының (амортизациялық аударымдар есебінен жасалған инвестицияларды қоспағанда) жиынтық көлемі;
12) қосалқы жабдық – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты инвестициялық келісім жасалатын, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияларының тізбесі мен қосалқы жабдықтарына қойылатын талаптарға сәйкес келетін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы шеңберінде белгіленетін немесе іске асырылатын жабдық және (немесе) іс-шара;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға уәкілетті орган мен энергия өндіруші ұйым арасында жасалған инвестициялық келісім негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайынғы индекстелуге тиіс тариф.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.04.2024 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.10.2025 № 369-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.03.2026 № 107-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. 2- тарау. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың
инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу тәртібі
3. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасуға ниет білдіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар Жоспар-графикпен және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларының (бұдан әрі – инвестициялық бағдарламалар) негізгі параметрлері туралы ақпаратпен бірге инвестициялық бағдарламаларды қағаз және электрондық жеткізгіштерде өтінім берген жылдың бірінші мамырынан кешіктірмей Нарық кеңесіне жолдайды.
2026 жылы қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен Келісім жасасуға ниет білдірген қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар 2026 жылғы 1 қазанға дейін Нарық кеңесіне өтінім береді.
Сондай-ақ Нарық кеңесіне инвестициялық бағдарламалармен бірге осы инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу барысында жүргізілген тәуелсіз техникалық және қаржылық аудиттердің қорытындылары және инвестициялық бағдарламаны беру сәтінде өзекті болып табылатын жабдық өндіруші зауыттардың және/немесе EPC (Engineering procurement construction) мердігерлерінің кемінде үш коммерциялық ұсынысы не Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттік ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен жобалау құжаттамасы (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) (бұдан әрі – Жобалау құжаттамасы) енгізіледі.
Бұл ретте уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты Келісім жасасуға ниет білдірген қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттік ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттамасын жолдайды.
Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйыммен қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасасу кезінде қосалқы жабдығы жаңғыртылған, кеңейтілген, реконструкцияланған және (немесе) жаңартылған осы тұлғалар тобының құрамына кіретін электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген қуатына қатысты техникалық шарттарға сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының үлесіне пропорционалды үлес қосалқы жабдыққа инвестицияларды жыл сайын қайтарудың қажетті деңгейінен шегеріледі.
Осы тармақтың төртінші бөлігіне сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының шегерілетін қосылған қуатының көлемі осы Қағидалардың 1-қосымшасының 5-тармағына сәйкес тұтынушының қосылған қуатының көлемі өзгерген жағдайда түзетілуге тиіс.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Нарық кеңесі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес енгізілген әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша жеке онда қамтылған құжаттар мен мәліметтердің толық болуын, Заңның 15-4-бабының талаптарына және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты қарауға жіберу өлшемшарттарына не осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген қосалқы жабдыққа қатысты қарауға жіберу өлшемшарттарына сәйкес келуін тексереді және оның іске асырылуының орындылығы немесе орынсыздығы, құны мен іске асыру мерзімінің негізділігі туралы ұсыным дайындайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Нарық Кеңесінің іске асырудың орындылығы туралы ұсынымын алған инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына жіберіледі.
Нарық кеңесі уәкілетті органның қарауына жіберілген инвестициялық бағдарламаларды, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның негізгі параметрлері туралы ақпаратты және оларға сәйкес келетін Нарық кеңесінің іске асыру орындылығы туралы ұсынымын инвестициялық бағдарлама Нарық кеңесіне енгізілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға енгізеді.
Нарық Кеңесінің іске асырудың орындылығы туралы ұсынымын алмаған инвестициялық бағдарламалар бойынша қорытындылар уәкілетті органға мәлімет үшін енгізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.04.2024 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Нарық кеңесі уәкілетті органға қарауға жіберілген және жіберілмеген инвестициялық бағдарламалардың тізімін Нарық кеңесіне қарауға келіп түскен инвестициялық бағдарлама құжаттарының топтамасымен бірге инвестициялық бағдарлама Нарық кеңесінің қарауына келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.04.2024 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-1. Уәкілетті органмен негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей жыл сайын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізілгені туралы тәуелсіз энергетикалық сараптама растаған есепті ұсынады және осы есептің көшірмесін Нарық кеңесіне жолдайды.
Нарық кеңесі осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізілгені туралы есепті қарау қорытындылары бойынша және қажеттілігіне қарай жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда уәкілетті органға осы келісімді бұзу туралы ұсыныс жібереді.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген, сондай-ақ Нарық кеңесінен осындай ұсыныс келіп түскен жағдайда уәкілетті орган жүйелік операторды және бірыңғай сатып алушыны хабардар ете отырып, осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімдерін өзгертеді.
Ескерту. Қағидалар 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3- тарау. Инвестициялық бағдарламаларды қарау және іріктеу тәртібі
7. Уәкілетті орган қарауға жіберілген негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаларды қарау кезінде бір мезгілде мына іріктеу өлшемшарттарын басшылыққа алады:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф (бұдан әрі – жеке тариф);
2) электр станциясының типі;
3) экологиялық және технологиялық көрсеткіштерді жақсарту;
4) қазақстандық өндірістің тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін сатып алу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың үлесі.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар (капиталдандырылатын және қайтару кезеңіндегі) бойынша құрылысқа жұмсалған күрделі шығындар сомасын және сыйақыларды және инвестицияланған капиталдың рентабельділік нормасын қайтаруды қамтиды (инвестицияланған капиталдың рентабельділік нормасы қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасалған жағдайда қолданылмайды).
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Қосалқы жабдыққа қатысты қарауға жіберілген инвестициялық бағдарламаларды қарау кезінде уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаларды мынадай басымдық тәртібімен іріктеуді жүзеге асырады:
1) ҮҚТ (ең үздік қолжетімді техникалар) немесе экологиялық іс-шаралар;
2) Түтін мұржалары;
3) Күл үйінділері немесе күл-қожды гидравликалық шығару объектілері;
4) Ашық тарату құрылғысы;
5) Градирнялар немесе салқындатқыш тоғандар;
6) Отын беру;
7) Айналымдағы су құбырлары;
8) Суды дайындау;
9) Ішкі газ инфрақұрылымы.
Ескерту. Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Уәкілетті орган қаралатын негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламалардың әрқайсысы үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес іріктеу өлшемшарттары бойынша балл қояды, ал қосалқы жабдыққа қатысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес іріктеу өлшемшарттары бойынша инвестициялық бағдарламаларды іріктеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Балл қойғаннан кейін уәкілетті орган жиналған балдардың азаюы тәртібінде инвестициялық бағдарламалардың сараланған тізімін құрастырады:
максималды балл жинаған инвестициялық бағдарламадан минималды балл жинаған инвестициялық бағдарламаға дейін.
Бұл ретте, егер осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырған балдардың нәтижесі бойынша балдардың сәйкестігі бар болса, онда әрбір сәйкестік балл шеңберінде сараланған тізімді құру барысында тиісті инвестициялық бағдарламаларға қосымша саралау жүргізіледі.
Осы қосымша саралау осы инвестициялық бағдарламалардың жеке тариф мәндері бойынша олардың мәндерінің артуы тәртібінде жүзеге асырылады: максималды инвестициялық бағдарламаның жеке тариф мәнінен минималды инвестициялық бағдарламаның жеке тариф мәніне дейін.
10. Сараланған тізім жасалғаннан кейін уәкілетті орган қаралатын инвестициялық бағдарламалардың қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейлері сомасын есептейді, оған ранжирленген тізімдегі осы инвестициялық бағдарламалар кезектілігінің өсу тәртібімен оларға сәйкес келетін қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейлерін кезекпен енгізеді. Қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейлерінің сомасы жол берілетін көлемнен аспайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламалар іріктелген деп танылады.
Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламалар бойынша қосалқы жабдыққа салынған инвестицияларды қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейінің сомасы рұқсат етілетін көлем мәнінің жиырма пайызынан аспайтын инвестициялық бағдарламалар іріктелген деп танылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Инвестициялық бағдарламалары іріктелген болып танылатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарға қатысты уәкілетті орган олармен келісімдер жасасу туралы шешім қабылдайды, келісімдерге іріктелген тиісті инвестициялық бағдарламалар енгізіледі.
12. Келісім жасасатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың тізімін және алдынғы кезеңдерде жасасқан барлық қолданыстағы Келісімдер мен осы Келісімдердің жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейінің сомасын уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында Нарық кеңесі уәкілетті органға қарауға жіберілген және жіберілмеген инвестициялық бағдарламалар тізімін жариялаған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірмей жариялайды.
4-тарау. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді жасасу тәртібі
Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Келісімдерді жасасу
13. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімге қосылған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар көрсетілген жарияланым күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органмен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі генерациялайтын жабдыққа арналған тиісті Келісімдерді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосалқы жабдыққа арналған Келісімді жасасады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Келісімдерге енгізілген инвестициялық бағдарламалар Келісімдерге қосымшалармен ресімделеді.
15. Келісімдерде бекітілген жеке тарифтер, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке қызмет көлемі (бұдан әрі – қызмет көлемі) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (бұдан әрі – қызметті сатып алу мерзімі) ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.
15-1. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар осындай инвестициялық келісім жасалған күннен бастап тоқсан сайын уәкілетті органға уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалу барысы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ақпарат ұсынады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасқан энергия өндіруші ұйымдарға қатысты ұсынылған ақпараттың сәйкестігіне субъектіге бара отырып, тексеруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның тоқсан сайынғы есептік ақпаратты тексеру қорытындылары бойынша қорытындысын алғаннан кейін бірыңғай сатып алушыға инвестициялық келісімде көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты жібереді.
Уәкілетті органмен жасалған қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер негізінде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап қосалқы жабдық пайдалануға берілгенге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган тарапынан уәкілетті органның қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалмағаны бойынша ескертулер анықталған жағдайда уәкілетті орган бірыңғай сатып алушыға ескертулер отыз күнтізбелік күн ішінде жойылғанға дейін қосалқы жабдыққа жұмсалған шығындарды төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Бірыңғай сатып алушы уәкілетті органның хабарламасы негізінде қосалқы жабдыққа жұмсалған шығындарды төлеуді тоқтата тұрады.
Энергия өндіруші ұйым анықталған ескертулерді жойғаннан кейін энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ескертулердің жойылу фактісін растау мақсатында қайта тексеруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган ескертулердің жойылғаны туралы растауды алғаннан кейін Бірыңғай сатып алушыға инвестициялық келісімге сәйкес толық алынбаған кірісті өтеуді ескере отырып, энергия өндіруші ұйымға төлемдерді қайта бастағаны туралы хабарлайды.
Уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған мерзімдерде қосалқы жабдықты пайдалануға беру актісі ұсынылмаған және (немесе) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган осы инвестициялық келісімді бұзады, ал энергия өндіруші ұйымдар осы инвестициялық келісім шеңберінде алынған қаражатты бірыңғай сатып алушыға қайтаруды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімнің бұзылғаны туралы бірыңғай сатып алушыны 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Ескерту. Қағидалар 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-2. Қаражатты қайтаруды энергия өндіруші ұйым инвестициялық келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде бірыңғай сатып алушыдан алынған қаражаттың бүкіл көлемін бірыңғай сатып алушының атына жүзеге асырады.
Энергия өндіруші ұйым көрсетілген қаражатты белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, сондай-ақ бірыңғай сатып алушыдан тиісті хабарлама алынған кезде, уәкілетті орган көрсетілген қаражат толық өтелгенге дейін осы энергия өндіруші ұйымның негізгі жабдыққа да, қосалқы жабдыққа да қатысты жаңа инвестициялық бағдарламаларын қарауға жол бермейді.
Ескерту. Қағидалар 15-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-3. Осы Қағидалардың 15-1-тармағына сәйкес төленуі тоқтатылған қаражат сомасын энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынғаннан кейінгі келесі есептік кезеңде "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларын растайтын құжатты қоса бере отырып, ақпарат ұсынған жағдайда ғана Бірыңғай сатып алушы өтейді.
Ескерту. Қағидалар 15-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіпте жасасу
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ кредиттер (қарыздар), даму бағдарламаларына енгізілген, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша қаражаты болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңіндегі 2009-2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен оңайлатылған тәртіппен жеке инвестициялық Келісімдер жасасады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді жасаудың оңайлатылған тәртібі 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға мына материалдар мен ақпаратты ұсынған жағдайда, инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органға қарауға жіберместен және рұқсат беру мен іріктеу рәсімдерін өтпестен осы Келісімдердің жасалуын білдіреді:
1) 2009-2015 жылдар аралығындағы кезеңде оны (оларды) сатып алуға (жүзеге асыруға) қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) тартылған объектінің (объектілердің) пайдалануға енгізу актісі (актілері);
2) 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өтелмеген қарыздардың болуын растайтын құжаттар;
3) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған тиісті инвестициялық жеке келісімді жасасу үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қарыздар және объектілер туралы қажетті ақпарат.
Кредиттер (қарыздар), даму бағдарламаларына енгізілген, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша тартқан энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісімдерді жасаудың оңайлатылған тәртібі 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға мына материалдар мен ақпаратты ұсынған жағдайда, инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органға қарауға жіберместен және рұқсат беру мен іріктеу рәсімдерін өтпестен осы Келісімдердің жасалуын білдіреді:
1) 2009-2015 жылдар аралығындағы кезеңде жергілікті атқарушы органдар бекіткен даму бағдарламаларына енгізілген жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған өзге де ақша, кредиттер (қарыздар) тартқан энергия өндіруші ұйымдардың объектісін (объектілерін) пайдалануға беру актісі (актілері);
2) уәкілетті органға ақпарат берілген күнгі жағдай бойынша өтелмеген қарыздардың болуын растайтын құжаттар;
3) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған тиісті жеке инвестициялық келісімді жасасу үшін осы тармақтың екніші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыздар және объектілер туралы қажетті ақпарат.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Оңайлатылған тәртіпте жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер жасасатын энергия өндіруші ұйымдардың тізімін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында уәкілетті органға осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген материалдарды және ақпаратты ұсынған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірмейтін мерзімде жариялайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке келісімдерге жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қол қояды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке келісімдерде бекітілген жеке тарифтер, қызмет көлемі және қызметті сатып алу мерзімі ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-параграф. Оңайлатылған тәртіпте электр станциялары бойынша пайдалануға енгізілген жеке инвестициялық келісімдерді жасасу
Ескерту. 4-тарау 3-параграфпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20-1. Құрылысына 2015 жылға дейін қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ нысаналы мақсаты электр станциясының құрылысын қаржыландыру болатын бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша тартылған электр станциялары 2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген және уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.
20-2. Пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді жасасудың оңайлатылған тәртібі 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін мынадай материалдар мен ақпаратты ұсынған жағдайда, инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органға қарауға жіберместен және рұқсат беру мен іріктеу рәсімдерінен өтпестен осы Келісімдердің жасалуын білдіреді:
1) құрылысына осы Қағидалардың кредиттері, қарыздары, өзге де ақша (бұдан әрі - қарыздар) тартылған объектіні (объектілерді) пайдалануға беру актісін (актілерін);
2) уәкілетті органға ақпаратты ұсыну күніне төленбеген қарыздардың болуын растайтын құжаттарды;
3) тиісті жеке инвестициялық келісімді жасасу үшін пайдалануға берілген электр станциялары бойынша осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген қарыздар мен объектілер туралы қажетті ақпаратты.
20-3. Уәкілетті орган пайдалануға енгізілген электр станциялары бойынша оңайлатылған тәртіпте жеке инвестициялық келісімдерді жасасатын энегия өндіруші ұйымдардың тізімін өзінің интернет-ресурсында осы Қағидалардың 20-2-тармағында көрсетілген материалдарды және ақпаратты уәкілетті органға ұсынған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірмейтін мерзімде жариялайды.
20-4. Осы Қағидалардың 20-3-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар көрсетілген осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерге жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қол қояды.
20-5. Пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерде белгіленген жеке тарифтер, қызмет көлемдері және қызметтерді сатып алу мерзімдері ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.
5- тарау. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді
сатып алу туралы шарттар жасасу тәртібі және осы шарттар үшін жеке тарифтерді,
көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу
21. Заңның 15-4-бабының 7-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен Келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен оңайлатылған тәртіпте жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімді, пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімді жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты жасасуды тиісті Келісімді, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімге, пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімге, сондай-ақ уәкілетті органмен қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімге, қол қойылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт үшін жеке тарифтерді, көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін тиісті жаңғыртуға, кеңейтуге, рекоснтрукциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімге, пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімге сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Уәкілетті органмен Келісім жасасқан энергия өндіруші ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, шетел валютасында тартылған шетел валютасымен қарыздық қаржыландыру көлеміне жеке тарифті индекстеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жыл сайын 5 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға жібереді.
Өтінім уәкілетті органға осы есеп айырысу бойынша қаржы көрсеткіштерінің құжаттарын растайтын құжаттарды, тиісті есеп айырысуларды, энергия өндіруші ұйымның шетел валютасымен тартылған қарыздық қаржыландыруды қайтару бойынша шеккен шығындарын және Келісім шеңберінде Бірыңғай сатып алушыдан алынған кірістерді растайтын өтінім берілген жылдың алдыңғы жылындағы қаржылық есептілікті қоса бере отырып, қағаз және электрондық жеткізгіште жіберіледі.
Бұл ретте Қосалқы жабдыққа арналған келісімдер бойынша жеке тарифтер индекстеуге жатпайды.
Ескерту. 5-тарау 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 01.10.2025 № 369-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.25. Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларын жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту кезінде жеке тарифті жыл сайынғы индекстеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Келісімге қол қойылған күнінен бастап бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу басталғанға дейінгі шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне ұлттық валютаның шетел валютасына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, пайдалануға берілгенге дейінгі құрылыстың соңғы жылы мына формула бойынша:
![]()
Tенгізу – индекстелген жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай);
Tбекіту – Келісімде айқындалған жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай);
ШВенгізу – Келісім объектілері пайдалануға берілген және енгізілетін қуатты аттестаттаудан өткен жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен тартылған шетел валютасы бірлігінің құны;
ШВбекіту – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен тартылған шетел валютасы бірлігінің Келісімге қол қойылған күнгі құны;
2) Келісімде белгіленген бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің соңғы жылын қоспағанда, пайдалануға берілген жылдан кейін әрбір жылдан кейінгі жылына бір рет шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне, мынадай формула бойынша:
![]()
Tt+1 – индекстелген жеке тариф, мың теңге /(МВт*ай);
Tt – бұрын жүргізілген индекстеуді ескере отырып жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай);
ШВtрас – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, келесі индекстеу жылының алдындағы жылдың 1 қазанындағы тартылған шетел валютасының бірлігіне теңгенің нақты бағамы;
ШВt – алдыңғы индекстеу сәтінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын тартылған шетел валютасының бірлігіне теңгенің нақты бағамы;
12 ай – 12 ай;
∆t – бұрын индекстелген жеке тариф бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтен алынған кірістер мен Келісімді іске асыруды қаржыландыру бойынша төлемдерге нақты жұмсалған шығыстар арасындағы нақты айырма, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
WшығысВЗ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен шетел валютасында баламалы көрсетілген, Келісімді іске асыруды қаржыландыру төлемдеріне нақты жұмсалған шығыстардың сомасы, алдыңғы индекстеу сәтінен бастап ағымдағы индекстеуге беру сәтіне дейін.
Сома тиісті қаржылық құжаттамамен расталады (өтеу графигі, төлем шоттары, төлем тапсырмалары);
Pатт – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке Келісімде және Шартта көрсетілген енгізілген объектінің МВт-дағы аттестатталған қуаты.
Келісім бойынша бірыңғай сатып алушыдан түсетін кірістердің сомасы тиісті қаржылық құжаттамамен (салыстыру актілері, шот-фактуралар) расталады.
Ескерту. 5-тарау 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 01.10.2025 № 369-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Уәкілетті орган өтінім негізді болған кезде жеке тарифтің және Келісім бойынша қайтару сомасының өзгерістерін ескере отырып, 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде энергия өндіруші ұйыммен қосымша келісім жасасады.
Ескерту. 5-тарау 26-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 01.10.2025 № 369-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес, уәкілетті органмен қосымша келісім жасасқан энергия өндіруші ұйым оны бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілеін қызметке арналған шартқа қосымша келісім жасасу үшін уәкілетті органмен қосымша келісімге сәйкес жеке тарифті, ай сайынғы және жыл сайынғы қайтару сомаларын тиісті өзгертуге қосымша келісім жасалған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бірыңғай сатып алушыға жібереді.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде қосымша келісім жасасады.
Ескерту. 5-тарау 27-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 01.10.2025 № 369-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының негізгі параметрлері туралы ақпарат
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде іске асыру жоспарланатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асыру жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.
№ р/с | Іс-шара атауы | Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы) | Құны, (млн теңге) | Енгізілетін негізгі генерациялайтын жабдықтың техникалық параметрлері** | Экологиялық және технологиялық көрсеткіштері | ||
Белгіленген электр қуаты, (МВт)) | Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/сағ) | Экологиялық параметрлері | Технологиялық параметрлері | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына ауыстыру | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясындағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту) | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының қосалқы жабдықтарын ауыстыру *** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған қосалқы жабдықтарын қалпына келтіру *** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясында қосымша қосалқы жабдықты енгізу (кеңейту) *** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының іс-шаралары*** | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
… | ||||||||
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
*** – тек 5-қосымшаға сәйкес.
3. Негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдында және кейінгі кезеңде электр станциясының параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.
№ | Белгіленген қуаты | Орташа жылдық қолда бар қуат | Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны** | |||
Электр (МВт) | Жылу (Гкал/сағ) | Электр (МВт) | Жылу (Гкал/сағ) | Электр энергиясының (гут/кВтсағ) | Жылу энергиясының (кгут/Гкал) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. | ||||||
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін және кейін электр станциясының жұмыс параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі) *.
№ | Көрсеткіштері*** | Өлшемшарттары*** | ||||
Пайдалануға берілген негізгі генерациялайтын жабдықтың қызмет ету мерзімі (кезең соңындағы жағдай бойынша қалған) (жыл) | Электр станциясының азот оксидтері шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (мг/м3)** | Электр станциясының күкірт оксидтері шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (мг/м3)** | Электр станциясының қатты бөлшектер шығарындыларының кезең ішіндегі орташа үлестік мәні (мг/м3)** | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. | ||||||
Ескертпе
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
*** - қосалқы жабдықтың типіне байланысты 5-қосымшаға сәйкес толтырылады.
4. Негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) салынған инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.
№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/ (МВт * ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, мың теңге / (МВт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті стып алу мерзімітеңге / (МВт * ай | Қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі, жылына мың теңге** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жаңадан енгізілген/қалпына келтірілген жабдықтан амортизациялық аударымдардың сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі.
5. Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.
№ р/с | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, ай | Қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі, мың теңге/жыл |
Адамдар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының шегерілетін көлемі, МВт |
1 | 2 | 4 | 5 | 6 |
1. |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жаңадан енгізілген/қалпына келтірілген жабдықтан амортизациялық аударымдардың сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі.
*** – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі бірлікке (1МВт) теңестіріледі
Қарауға жіберу өлшемшарттары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасыны мынадай іс-шараның бірін немесе бірнеше түрін қамтиды:
1) жаңа және ауыстырылатын, сондай-ақ қосалқы жабдығына қарағанда техникалық-технологиялық параметрлері жоғары болып табылатын енгізілетін жабдықты монтаждау жұмыстары басталған уақытқа электр станциясының ауыстыру жоспарланған негізгі генерациялайтын жабдығы тағайындалған жеке ресурстың кемінде 100 (жүз) пайызын өндірген жағдайда жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі жұмыс істеп тұрған генерациялайтын жабдығын жаңасына айырбастау;
2) енгізілген жабдық жаңа және қолданыстағы жабдыққа қарағанда техникалық және технологиялық параметрлері жоғары болған жағдайда бұдан бұрын қолданыстан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдықты, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының қосалқы жабдығын қалпына келтіру;
3) енгізілетін жабдық жаңа және қолданыстағы жабдыққа қарағанда техникалық және технологиялық көрсеткіштері жоғары болған жағдайда қосымша негізгі генерациялайтын жабдықты, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясында қосалқы жабдықты енгізу (кеңейту);
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларының" 1-қосымшасына сәйкес және Нарық кеңесінің қарауына енгізілетін инвестициялық бағдарламада көрсетілген, ал ондағы кестелер параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетілетін ақпаратқа сәйкес нысан бойынша ресімделетін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының негізгі параметрлері туралы ақпарат.
Іріктеу өлшемшарттары бойынша баллдар
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Өлшемшарт атауы | Өлшемшарт мөлшерлігі | Мәні | Балл | Өлшемшарт салмағы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф | %* | 50,0 ÷ 200,0 | 5,0 | 0,3 |
200,1 және 300,0 | 4,5 | ||||
300,1 және 400,0 | 4,0 | ||||
400,1 және 500,0 | 3,5 | ||||
500,1 және 600,0 | 3,0 | ||||
600,1 және 700,0 | 2,5 | ||||
700,1 және 800,0 | 2,0 | ||||
800,1 және 900,0 | 1,5 | ||||
900,1 және 1000,0 | 1,0 | ||||
1000,1 және одан жоғары | 0,5 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
2 | Электр станциясының типі ** | - | ЖЭО | 5,0 | 0,3 |
КЭС | 4,0 | ||||
БГЭС | 3,0 | ||||
ГЭС, ГТЭС | 2,0 | ||||
БГЭС | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
3 | Жергілікті қамту үлесі*** | % | 81,0÷100,0 | 5,0 | 0,2 |
61,0÷80,0 | 4,0 | ||||
41,0÷60,0 | 3,0 | ||||
21,0÷40,0 | 2,0 | ||||
10,0÷20,0 | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
4 | Экологиялық және техникалық көрсеткіштерді жақсарту бойынша орташа мән **** | % | 81,0÷100,0 | 5,0 | 0,2 |
61,0÷80,0 | 4,0 | ||||
41,0÷60,0 | 3,0 | ||||
21,0÷40,0 | 2,0 | ||||
10,0÷20,0 | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
Ескертпе:
*– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11850 болып тіркелген) бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мәнінің пайызы;
** – ЖЭО – жылу электр орталығы, ГЭС – гидроэлектр станциясы, КЭС – конденсациялық электр станциясы, БГЭС – бу-газды электр станциясы, ГТЭС – газ турбиналық электр станциясы, ГПЭС – газ поршеньді электр станциясы.
*** – инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде қолданылатын қазақстандық өндірістің тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің үлесі.
**** – экологиялық және техникалық көрсеткіштерді жақсарту бойынша орташа мән көрсеткіштердің пайыздық арақатынасы сомасының көрсеткіштер санына қатынасы ретінде айқындалады.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ Пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.07.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 04.05.2023 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2024 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
______________________ "____" ___________ 20 ___ ж.
(қол қою қаласы) (жасасу күні)
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын
________________________________________________________________________,
(мемлекеттік органның атауы)
тұлғасында ______________________________________________________________,
(уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(ереже немесе бұйрық)
бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын және
(энергия өндіруші ұйымның атауы)
______________________________________________________________ тұлғасында,
(уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(жарғы немесе сенімхат)
бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталатын екінші тараптан "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1. Келісімде мына түсініктемелер пайдаланылады:
1) Қарыздар:
2009 - 2015 жылдар аралығында электр энергиясына арналған тарифтер бағдарламасының қолданылуы кезеңінде ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асыру үшін уәкілетті органмен Келісім шеңберінде энергия өндіруші ұйымының шекті тарифтердің инвестициялық құрамдас бөлігінен басқа тартылған айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ кредиттер (қарыздар), даму бағдарламаларына енгізілген, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша қаражаты;
2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген электр станцияларының құрылысы үшін 2015 жылға дейін тартылған қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ уәкілетті органмен және табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шартқа отырған энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының құрылысын қаржыландыруға мақсатты түрде бөлінген, бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша қаражаты, кредиттер (қарыздар);
2) Объектілер - Қарыздар олардың сатып алынуына (іске асыруына) тартылған объектілер
2. Келісім жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаласын (бағдарламаларын) жүзеге асыру бойынша Келісім Тараптарының міндеттемелері мен құқықтарын қарастырады.
3. Энергия өндіруші ұйым:
1) осы Келісімге 1-қосымшаға және Жоспар-графикке сәйкес жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық бағдарламаның (бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тәуелсіз энергетикалық сараптама растаған, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;
3) тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 10-шы күніне дейін өзінің интернет-ресурсында және уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар) жариялай отырып, Жоспар-графиктің іске асырылуы туралы есепті орналастыруға міндеттенеді. Жобаны іске асыру процесінде мүдделі тараптардың қатысуымен тоқсанына бір рет жария тыңдаулар өткізеді.
Осы Келісімнің 3-тармағының талаптары Заңның 15-4-бабының 9 және 9-1-тармақтары қолданылатын энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды. Бұл ретте осы Келісімге 1-ші және 2-қосымшалар толтырылмайды.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Энергия өндіруші ұйымдар мыналарға:
1) Заңға және осы Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы алуға;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 тіркелген) бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілеін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша ткөрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып тартылған шетел валютасындағы қарыздық қаржыландыру көлеміне жеке тарифті индекстеуге арналған өтінімді уәкілетті органға жіберуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.10.2025 № 369-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Уәкілетті орган мыналарға міндетті:
1) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық Келісім жасасқан жағдайда осы Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес;
келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламалардың сол жылдарға сәйкес орташа өлшенген мәндерімен жеке тарифі ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифі;
келісімге енгізілген барлық инвестициялық бағдарламалардың сол жылдарға сәйкес қызмет көлемі сомасы ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемін;
келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламалардың барлық қызметті сатып алу мерзімі барынша көп ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу мерзімін белгілеуге міндетті;
2) жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке Келісім/пайдалануға берілген электр станциясы бойынша жеке инвестициялық келісім жасасқан жағдайда осы Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес:
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтелмеген қарыздар бойынша негізгі қарыздың жылдық төлемін жабу қажеттілігіне сүйене отырып есептелетін жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұрумен байланысты көрсетілетін қызметке жеке тарифті;
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта қаржыландыру мақсатында алынған өтелмеген қарыздар бойынша негізгі қарыздың жылдық төлемін жабу қажеттілігіне сүйене отырып есептелген жылдар бойынша электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне жеке тариф/жылдар бойынша пайдалануға берілген электр станциялары бойынша электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне жеке тариф;
Объектілердің қолда бар электр қуатына тең жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызметінің көлемі. Бұл ретте, егер осы Объектілер тек негізгі генерациялайтын жабдықты немесе негізгі генерациялайтын қондырғылардан басқа, электр энергиясының және (немесе) жылу өндірісінің технологиялық процесінің басқа да объектілерін қамтыса, жеке Келісім бойынша қызмет көлемі осы негізгі генераторлық жабдыққа сәйкес келетін электрлік қуаты болып табылады. Егер осы Объектілер негізгі генерациялайтын қондырғыны қамтымаса, жеке Келісім үшін қызмет көлемі осы объектілер пайдаланылған жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының жалпы электрлік қуатын білдіреді;
энергия өндіруші ұйымның 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтелмеген қарыздары бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша қалған мерзімінің ұзақтығымен анықталатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;
энергия өндіруші ұйымның қайта қаржыландыру мақсаттары үшін алынған өтелмеген қарыздарының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі қарызды өтеу бойынша қалған мерзімінің ұзақтығымен анықталатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;
3) осы Келісім үшін әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгілеуге міндетті: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстарының төмендеуі; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; авариялылықтың төмендеуі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесінің төмендеуі; экологиялық көрсеткіштердің жақсаруы (зиянды заттар шығарындыларының төмендеуі).
6. Уәкілетті орган мыналарға:
1) осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды энергия өндіруші ұйымнан сұратуға және алуға;
2) Осы Келісіммен белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы Келісімнің 1-қосымшасында көрсетілген жаңғыртудың, кеңейтудың, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық (инвестициялық) бағдарлама (бағдарламалар) іс-шараларының іске асырылу мерзімдері бұзылғанда осы Келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторға хабардар ете отырып өзгертуге;
3) энергия өндіруші ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, осы Келісімге Қағидаларға сәйкес қосымша келісім жасасу жолымен шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне жеке тарифті индекстеуді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.10.2025 № 369-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнаманы және азаматтық заңнаманы басшылыққа алады.
8. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.
9. Келісімнің ережелерін, Келісімді іске асыру процесінде кез келген Тарап алған немесе алған ақпарат Тараптардың шешімі бойынша құпиялылықты қамтамасыз етеді.
10. Тараптардың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
11. Келісімге қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады.
12. Келісім ____ ( ) жылға жасалды.
13. Тараптардың екі жақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
14. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қояды.
15. Келісім бойынша кез келген хат алмасу төмендегі мекенжай бойынша жіберіледі: Уәкілетті орган
___________________________________
Энергия өндіруші ұйым
_________________________________
16. Келісім:
1) қолданылу мерзімі аяқталған;
2) бұзылған жағдайда;
3) сот шешкен жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
17. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.
18. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде және бірдей заң күші бар екі түпнұсқа данада жасалды.
19. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі:
Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндіттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Уәкілетті орган: | Энергия өндіруші ұйым: |
__________________ | _______________________ |
_________________ | _______________________ |
Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалар (әрбір инвестициялық бағдарламатөменде келтірілген нысанға сәйкес жеке ресімделеді)
№ ___ инвестициялық бағдарлама (бірліктерден бастап, реттік нөмірін көрсету қажет).
1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.
№ | Іс-шара атауы | Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы) | Құны, (млн. теңге) | Енгізілетін негізгі генерациялайтын жабдықтың техникалық параметрлері | |
Белгіленген электр қуаты, (МВт) | Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/сағ) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияның қолданыстағы негізгі генерациялайтын жабдығын айырбастау | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияның алдында пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциядағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту) | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.
3. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдында және кейінгі кезеңде электр станциясының параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.
№ | Белгіленген қуаты, | Орташа жылдық қолда бар қуат | Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны** | |||
Электр (МВт) | Жылу (Гкал/с) | Электр (МВт) | Жылу (Гкал/с) | Электр энергиясы (г.у.т./кВтс) | Жылу энергииясы (кг.у.т./Гкал) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. | ||||||
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;
** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.
4. Инвестициялық бағдарламаның бөлігі ретінде электр станциясына инвестицияларды қайтару туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.
№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жеке тарифі, млн.теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл | Жыл сайынғы қажетті қайтарылым деңгейі, млн.теңге/жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* - * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.
5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:
1) Растаушы материалдары бар инвестициялық бағдарлама;
2) Тәуелсіз техникалық және қаржы аудиттердің растаушы материалдары берілген нәтижелері.
Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалардың/жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық бағдарламалардың көрсеткіштері мен тиісті мақсатты индикаторлары (әрбір электр станциялары үшін жеке толтырылады)
Электр станциясының атауы (атауын көрсету)*
№ | Кезеңод (жыл) | Көрсеткіштер | ||||||
Электр станциясының электр энергиясын босатуға жұмсайтын шартты отынының меншікті шығынының орташа мәні (г.ш.о./кВтсағ) | Электр станциясының жылу энергиясын босатуға жұмсайтын шартты отынының меншікті шығынының орташа мәні (г.ш.о./кВтсағ) | Енгізілетін негізгі генерациялаушы жабдықтың қолда бар электр қуатының желтоқсан айы кезеңіндегі орташа мәні (МВт) | Пайдалануға берілген негізгі генерациялаушы жабдықтың жұмыс істеу мерзімі (кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша қалғаны) (жыл) | Электр станциясының азот тотығын шығаруының кезең ішіндегі орташа меншікті мәні (мг/м3)** | Электр станциясының күкірт тотығын шығаруының кезең ішіндегі орташа меншікті мәні (мг/м3)** | Электр станциясының қатты бөлшектерді шығаруының кезең ішіндегі орташа меншікті мәні (мг/м3)** | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | ||||||||
... | ||||||||
... | ||||||||
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;
** - аталған көрсеткіштер бойынша мақсатты индикаторлар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларының талаптарын ескере отырып қойылуы тиіс.
Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер/ жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер/Пайдалануға берілген электр станциясы бойынша жеке инвестициялық келісім бойынша электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне жеке тариф, электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметін сатып алу көлемі мен мерзімі*
№ | Кезең, жыл | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(МВт*айына) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ||||
... | ||||
... |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;
Инвестициялық келісім жасалатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияларының қосалқы жабдықтарының тізбесі
Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с№ | Жабдықтың атауы | Жұмыс түрі, іс-шаралар | Өлшемшарттар, өлшем бірлігі |
1. | ҮҚТ (ең үздік қолжетімді техникалар) немесе экологиялық іс-шаралар | Реконструкциялау / салу | Маркерлік заттар бойынша шығарындылардың технологиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу (отын түріне байланысты), мг/Нм³ * |
2. | Түтін құбырлары | Реконструкциялау / салу | Қолданыстағы түтін мұржасының пайдалану мерзімін шектеу туралы сараптама ұйымының қорытындысы * |
3. | Күл үйінділері күл-қожды гидравликалық шығару объектілері |
Реконструкциялау / салу / | Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаның құнының пайдалану мерзіміне (жыл) арақатынасы, % ** |
4. | Ашық тарату құрылғысы | реконструкциялау /салу / кеңейту | Тозуды төмендету мөлшері, % *** |
5. | Градирнялар | Реконструкциялау / салу/ кеңейту | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
6. | Отын беру | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
7. | Айналымдағы су құбырлары | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
8. | Суды дайындау | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
9. | Ішкі газ инфрақұрылымы | Реконструкциялау / салу | Жылыту маусымынан тыс кезеңде қолжетімді қуатты ұлғайту, МВт *** |
10. |
1-7-тармақтар | Тиісті жұмыс түрі/іс-шаралар | Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде қолданылатын Қазақстанда өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесі, % **** |
Ескертпе:
* – тиісті өлшемшарттарға сәйкес келетін барлық инвестициялық бағдарламалар іріктеуге жатады;
** – тиісті өлшемшарт бойынша мәні неғұрлым төмен инвестициялық бағдарламалар іріктеуге жатады;
*** – тиісті өлшемшарттар бойынша мәні неғұрлым жоғары инвестициялық бағдарламалар іріктеуге жатады;
**** – жергілікті қамту үлесі технология мен жабдықтағы қамту және құрылыс-монтаждау жұмыстарына қамту бойынша бөліністе ескеріледі.
Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім
Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2026 № 333-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________________ 20 ___ жылғы "____" ____________
(қол қою қаласы) (жасасу күні)
Бұдан әрі "Тараптар деп аталатын
_______________________________________________________________,
(мемлекеттік органның атауы)
тұлғасында
______________________________________________________________,
(уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(ереже немесе бұйрық)
бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын және
(энергия өндіруші ұйымның атауы)
______________________________________________________________ тұлғасында,
(уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(жарғы немесе сенімхат)
бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталатын екінші тараптан "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1. Келісімде мына түсінік пайдаланылады:
1) тоқсан сайынғы есеп – энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органға ұсынатын, қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп;
2. Келісім қосалқы жабдықтарға қатысты жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның (бағдарламаларының) іс-шараларын іске асыру бойынша Келісім Тараптарының міндеттемелері мен құқықтарын көздейді.
3. Энергия өндіруші ұйым:
1) осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес қосалқы жабдықты жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның (инвестициялық бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға;
2) инвестициялық келісім жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жобаны іске асырудың жоспар-кестесін ұсынуға;
3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынуға, сондай-ақ растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар және т.б.) жариялай отырып, өзінің интернет-ресурсында және энергетиканың цифрлық платформасында жоспар-кестенің іске асырылуы туралы есепті орналастыруға. Жобаны іске асыру процесінде мүдделі тараптардың қатысуымен тоқсанына бір рет жария тыңдаулар өткізуге;
4) қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен жасалған жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісімде белгіленген іс-шаралардың орындалмауы бойынша бақылау органы тарапынан ескертулер анықталған жағдайда, көрсетілген ескертулерді 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоюға;
5) энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган өкілдерінің қосалқы жабдықты жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның (инвестициялық бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыру орындарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген есепте көзделген іс-шаралардың орындалуын растайтын материалдарды ұсынуға;
6) қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен жасалған жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісімде айқындалған мерзімдерде қосалқы жабдықты пайдалануға беру актісі ұсынылмаған, сондай-ақ іс-шаралар орындалмаған жағдайларда инвестициялық келісім бұзылған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде қаражатты Бірыңғай сатып алушыға толық көлемде қайтаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
4. Энергия өндіруші ұйымдар:
1) қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынған кезде Заңға және осы Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді тоқсан сайын алуға;
2) қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есептік ақпаратты ұсынған кезде электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті сатып алу туралы шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді тоқсан сайын алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
5. Уәкілетті орган:
1) жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісім жасалған жағдайда, осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес мыналарды белгілеуге:
келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламаларда көзделген тоқсандарға бөлінген, күнтізбелік жылға ұсынылатын электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке арналған жеке тарифті;
мәні бірлікке теңестірілетін, тоқсандар бойынша электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет көлемін;
күнтізбелік жылға ұсынылатын, тоқсандармен көрсетілген электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті сатып алу мерзімін;
2) осы Келісім үшін мынадай көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторларды белгілеуге: қосалқы жабдықтың тозу дәрежесін төмендету; экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға міндетті (зиянды заттар шығарындыларын азайту).
6. Уәкілетті орган:
1) осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды энергия өндіруші ұйымнан сұратуға және алуға;
2) Осы Келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жаңғыртудың, кеңейтудың, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық (инвестициялық) бағдарлама (бағдарламалар) іс-шараларының іске асырылу мерзімдері бұзылғанда осы Келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторға хабардар ете отырып өзгертуге;
3) қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен жасалған жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісімде белгіленген іс-шаралардың орындалмауы бойынша бақылау органы тарапынан ескертулер анықталған жағдайда, уәкілетті орган Бірыңғай сатып алушыға ескертулер отыз жұмыс күні ішінде жойылғанға дейінгі кезеңге қосалқы жабдыққа жұмсалатын шығындарға ақы төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
7. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын және азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
8. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.
9. Келісімнің ережелерін, Келісімді іске асыру процесінде кез келген Тарап алған немесе алынған ақпарат Тараптардың шешімі бойынша құпиялылықты қамтамасыз етеді.
10. Тараптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермейді.
11. Келісімге қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады.
12. Тараптардың екі жақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
13. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
14. Келісім бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекенжайлар бойынша жіберіледі: Уәкілетті орган
_____________________________________
Энергия өндіруші ұйым
_____________________________________
15. Келісім:
1) қолданылу мерзімі аяқталған;
2) бұзылған ;
3) сот шешкен жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
16. Тараптардың заңды мәртебесінің не ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, Тараптарды екі жақты келісімі бойынша өзгерсеғ не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.
17. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде және бірдей заң күші бар екі түпнұсқа данада жасалды.
18. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі:
Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Уәкілетті орган:
Энергия өндіруші ұйым:
______________________
______________________
| Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімге 1-қосымша |
|
| Нысан |
Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалар (әрбір инвестициялық бағдарлама төменде келтірілген нысанға сәйкес жеке ресімделеді) № ___ инвестициялық бағдарлама (бірліктерден бастап, реттік нөмірін көрсету қажет).
1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асыру жоспарланатын іс-шараларды қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.__
Р/с № | Іс-шара атауы | Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы) | Құны, (млн теңге) | Енгізілетін қосалқы жабдықтың экологиялық және технологиялық көрсеткіштері | |
Экологиялық параметрлер | Технологиялық | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына ауыстыру | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру ** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясындағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту)** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының қосалқы жабдықтарын ауыстыру ** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – тек осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес.
3. Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін және іске асырғаннан кейін электр станциясының (атауы көрсетіледі) жұмыс параметрлері туралы ақпарат*.
Р/с № | Көрсеткіштер*** | Өлшемшарттар*** | |||
Пайдалануға енгізілген жабдықтың қызмет ету мерзімі (кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қалған мерзімі) (жыл) | Электр станциясы шығарындыларының азот оксидтерінің кезеңдегі орташа үлестік мәні (мг/м³)** | Электр станциясы шығарындыларының күкірт оксидтерінің кезеңдегі орташа үлестік мәні (мг/м³)** | Электр станциясы шығарындыларының қатты бөлшектерінің кезеңдегі орташа үлестік мәні (мг/м³)** | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
Инвестициялық бағдарлама іске асырылғанға дейін | |||||
1. | |||||
Инвестициялық бағдарлама іске асырылғаннан кейін | |||||
2. | |||||
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
*** – қосалқы жабдықтың типіне қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес толтырылады.
4. Қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) салынған инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат*.
Р/с № | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай)** | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, ай. | Қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл** |
1 | 2 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
** – жаңадан енгізілетін/қалпына келтірілген қосалқы жабдық бойынша амортизациялық аударымдар сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі;
*** – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметтің көлемі бір (1 МВт) бірлікке теңестіріледі.
| Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімге 2-қосымша |
Қосалқы жабдыққа қатысты жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі*
Р/c№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, мың теңге/(МВт**ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, ай | Қажетті жыл сайынғы қайтарым деңгейі, мың теңге/жыл** |
1 | 2 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* – кестедегі параметрлердің сандық мәндері ондық үлеске дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
** – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі (1 МВт) бірлікке теңестіріледі.