"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласында жаңа аудан құрылсын.
2. Астана қаласы жаңа ауданы шекарасының жалпы алаңы 18 516 гектар болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 14.08.2026 № 510-2880 және Астана қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 459/58-VIII бірлескен қаулысы және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Астана қаласы "Есіл" ауданының шекарасы Астана қаласының жаңа ауданының шекарасына 18 516 гектар жерді беру жолымен өзгертіліп, жалпы алаңы 20 518 гектар болып белгіленсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 14.08.2026 № 510-2880 және Астана қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 459/58-VIII бірлескен қаулысы және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
| Астана қаласы мәслихатның хатшысы | Е. Каналимов |