Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 279/36-VII бірлескен шешіміне және Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1-3728 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мәслихаттың осы бірлескен шешімі мен әкімдік қаулысының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Астана қаласы жаңа ауданы шекарасының жалпы алаңы 18 516 гектар болып белгіленсін.";
мәслихаттың осы бірлескен шешімі мен әкімдік қаулысының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Астана қаласы "Есіл" ауданының шекарасы Астана қаласының жаңа ауданының шекарасына 18 516 гектар жерді беру жолымен өзгертіліп, жалпы алаңы 20 518 гектар болып белгіленсін.".
2. "Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 181/22-VIII бірлескен шешіміне және Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 01-1763 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1382-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мәслихаттың осы бірлескен шешімі мен әкімдік қаулысының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Астана қаласы "Алматы" ауданының шекарасы Астана қаласы жаңа ауданының шекарасына 6 953 гектар жерді беру жолымен өзгертіліп, жалпы алаңы 8 412 гектар болып белгіленсін.".
3. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) Астана қаласы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы мен мәслихат шешіміне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімінің ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің және Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласының әкімі | ______________ Ж. Қасымбек |
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | ______________ Т. Зейнұлқабден |