"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Астана қаласында жаңа аудан құрылсын.
2. Жалпы ауданы 6 953 гектар болатын Астана қаласы жаңа ауданының шекарасы белгіленсін.
3. Астана қаласы "Алматы" ауданының шекарасы Астана қаласы жаңа ауданының шекарасына 6 953 гектар жерді беру жолымен өзгертіліп, жалпы алаңы 8 412 гектар болып белгіленсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 14.08.2026 № 510-2880 және Астана қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 459/58-VIII бірлескен қаулысы және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімі ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
|
Астана қаласы мәслихатының төрағасы |
Е. Каналимов |
| Астана қаласының әкімдігі 2024 жылғы 23 мамырдағы № 01-1763 мен Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 181/22-VIII бірлескен әкімдігінің қаулысы мен маслихаттың шешіміне қосымша |
1. Астана қаласы "Алматы" ауданының шекарасы.
"Алматы" ауданының шекарасы 8 518 гектарды құрайды және төмендегідей белгіленген:
1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл және Ақбұлақ өзендерінің қосылған жерінен Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Маймекен және Кендірлі көшелерінің қиылысына дейін, одан әрі Маймекен көшесінің бойымен солтүстікке қарай Бұйрат көшесіне дейін, Бұйрат көшесінің бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай қаланың шекарасына дейін, қала шекарасы бойымен магистральдық темір жолға дейін, магистральдық темір жол бойымен батыс бағыттағы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының тақ сандар жағымен Сарайшық көшесіне дейін, Арқар көпірі бойымен Есіл өзеніне дейін, 1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл өзенінің бойымен Ақбұлақ өзенімен қосылатын тұсы.
2. Астана қаласы жаңа ауданының шекарасы.
Жаңа ауданның шекарасы 6 953 гектарды құрайды және төмендегідей белгіленген:
Есіл өзенінен Арқар көпірі бойымен Сарайшық көшесімен Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында жұп сандар жағымен магистральдық теміржолға дейін, магистральдық темір жол бойымен шығыс бағытта қала шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасымен оңтүстік бағытта Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенімен Сарайшық көшесінің бойымен батыс бағытта Арқар көпіріне дейін.
_____________________________________