Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Т. Ешенкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 Бұйрығына қосымша |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібін айқындайды.
2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляциялық комиссия – конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді қарау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
2) ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке тұлға;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
5) ғылыми ұйым – қызметінің негізгі түрі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу болып табылатын заңды тұлға;
6) жас ғалым – ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте он жылдан аспайтын өтілі бар (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезеңді есепке алмағанда), ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын және іске асыратын, қырық төрт жасты қоса алғанда сол жасқа дейінгі жеке тұлға;
7) конкурстық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақыларды қоспағанда, ғылым саласында атаулы сыйлықақылар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді, конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
8) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.4. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер ғылыми ұйымдар және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тарапынан:
1) ғылымдағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар, көрнекті жетістіктер үшін жыл сайынғы сыйлықақыларға;
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларға ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттар бойынша іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге тағайындалады;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастықтың мойындауына ие болған талантты жас ғалымдарға тағайындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.5. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруді уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 09.08.2024 № 401 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Ғылым саласындағы сыйлықтар (бұдан әрі – сыйлықтар) мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурстық негізде беріледі.
7. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруге арналған конкурстарға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
8. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртібі
9. Сыйлықақыларды алу жұмыстарын меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) консультативтік – кеңесші органдары ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Сыйлыққа ұсынылатын жұмыстар жұмыс орындалған ұйымда қабылданады.
Жұмыс бірнеше ұйымдарда орындалған жағдайда, жұмысты ұсыну туралы шешім оның ең үлкен бөлігі орындалған ұйымда қабылданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ саны бес адамнан аспайтын авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылады. Әр автор және авторлар ұжымы конкурсқа бiр жұмыс ұсынады.
12. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетiн сыйлықтарға ие болған жұмыстар осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған соңғы тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң қайталанып берiледі.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
13. Сыйлықақыларды алуға жарияланған жұмыстар, оның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған, конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде орындалған, тиісті шешімді қабылдай отырып, ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарында жан-жақты талқылаудан өткен жұмыстар ұсынылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
15. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Сыйлықтарды алу конкурсына ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) орналастырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті органның (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және министрліктер, ведомстволар және басқада мемлекеттік органдардың өкілдерінен, республиканың әртүрлі ғылым салаларының жетекші ғалымдары мен мамандары құрамынан құрылады.
Егер осы сыйлықтарды алуға конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда, олар комиссияның жұмысына қатыспайды.
19. Конкурстық комиссия тақ саннан, бірақ конкурстық комиссияның кемінде 11 мүшесінен тұрады.
Конкурстық комиссияның отырыстары оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
20. Сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн конкурстық комиссия мүшелерінен секциялар құрылады. Секциялар кандидаттардың жұмыстарын уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар бойынша бағалайды.
21. Конкурстық комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне) сыйлықақылар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы шешімнің негіздемесін келтіре отырып, осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды, сондай-ақ конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 529 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35392 болып тіркелген) Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Ғылыми әдептің үлгілік қағидалары) бұзған ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер ұсынған жұмыстарды сыйлықақылар беруге ұсынбау туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.22. Уәкілетті орган (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) конкурстық комиссия шешімінің негізінде сыйлықтарды беру туралы шешім қабылдайды.
23. Сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстардың нәтижелері уәкілетті органның және жұмыс органының (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің) интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Сыйлықақы беру туралы дипломдарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі) тапсырады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Қайтыс болғаннан кейін наградталған сыйлықақы лауреатына сыйлықақы беру туралы диплом мұрагерлеріне беріледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі
26. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға кандидаттарды ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдары ұсынады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы шешiм стипендия алу үшiн ұсынылатын үміткер жұмыс істейтін ұйымда белгiленген тәртiппен қабылданады.
28. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдар осы стипендияларға қайта үміткер болуға алдыңғы тағайындаудан кейін кемінде бес жыл өткен соң ғана жіберіледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар бір жылға дейінгі мерзімге ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады.
30. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен құжаттар конкурсқа жіберілмейді.
33. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтаруға жатпайды.
34. Конкурс материалдарын қарау және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау мәселесі жөніндегі шешімдерді дайындау үшін уәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның басшы қызметкерлерінен, республикадағы ғылымның әртүрлі салаларының жетекші ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
Осы стипендияларды алуға конкурстық комиссия мүшелерін ұсынған кезде соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды.
35. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру үшін үміткерлерді іріктеу шарттарын уәкілетті орган әзірлеп бекітеді.
36. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған кандидаттардың жұмыстарын алдын ала қарау үшін конкурстық комиссия мүшелерінен сараптау топтары құрылады.
Конкурстық комиссия өтінімдер түскен әрбір ғылыми бағыт бойынша бір мемлекеттік ғылыми стипендиядан бөледі, содан кейін мемлекеттік ғылыми стипендиялардың қалған санын әрбір ғылыми бағыт бойынша түскен өтінімдердің санына қарай бөледі.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Конкурстық комиссия сараптау топтардың қорытындылары негізінде оларды алғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы негіздеме келтіре отырып, конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын бұзған ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруге ұсынбау туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.38. Уәкілетті орган конкурстық комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру туралы шешім қабылдайды.
39. Мемлекеттік ғылыми стипендия республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Президентінің өмір бойғы стипендиясын алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигіне тағайындалмайды.
40. Конкурстан өткен стипендиаттардың тізімі уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы сертификаттарды уәкілетті орган береді.
4-тарау. Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі
Ескерту. Қағидалар 4-тараумен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42. Конкурстық комиссияның бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер бағалау нәтижелерін алғаннан кейін күнтізбелік бір күн ішінде конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді жұмыс органына береді.
Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтінішті қарау кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтерге және ұсынылған растайтын құжаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
43. Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді уәкілетті орган уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, жұмыс органының өкілдері, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары мен әртүрлі білім салаларының сарапшылары қатарынан қалыптастырған апелляциялық комиссия қарайды.
Апелляциялық комиссияның төрағасы мен хатшысы апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен сайланады.
Апелляциялық комиссияның мүшесі мынадай аффилиирленген тұлғалардан:
1) жақын туыстарынан - ата-анасынан, балаларынан, асырап алушылардан (қыз бала асырап алушылардан), асырап алынғандардан (асырап алынған қыздардан), ата-анасы бір және ата-анасының бірі ортақ аға-інілерінен және апа-сіңлілерінен, атасы мен әжесінен, немерелерінен;
2) ол еңбек қатынастарында тұратын ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінен;
3) соңғы 5 жыл ішінде бірлесіп жарияланған мақалалар мен шолулардың бірлескен авторларынан;
4) оның ғылыми консультанттарынан немесе диссертациялық жұмысының жетекшілерінен;
5) ол ғылыми кеңесшісі немесе жетекшісі болып табылатын немесе болған докторанттар, аспиранттар мен магистранттардан келіп түскен конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді қараудан бас тартады.
44. Апелляциялық комиссия бағасы конкурстық комиссия мүшелерінің кәсіби пікіріне негізделген, сараптамалық сипаттағы өлшемшарттар бойынша конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтініштерді қарамайды.
Конкурстық комиссияның шешімін қайта қарау туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге дәлелді жауап жібереді.
Конкурстық комиссия апелляциялық комиссияның бағалау нәтижелеріне өзгерістер енгізу туралы шешімдерін олар қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орындайды.
| Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
