"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 451) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 26.08.2026 № 511/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін;
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
| Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптар
1. Кәсіпкерлік субъектілер әріптестік келісім жасасу үшін дербес деректерді қарғауды, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде, "Киберқауіпсіздік туралы" және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарда белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 26.08.2026 № 511/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің үй-жайлары (бар болса) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қызметінің қағидаларында баяндалған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының үй-жайларына қолданылатын шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.
3. Кәсіпкерлік субъектілері әріптестік келісім жасасу үшін өз үй-жайларын (бар болса) фото-және бейнекамералардың көмегімен көзбен шолып бақылаумен жарақтандыруды қамтамасыз етеді. Бейнебақылау жүйесі болған кезде кіреберісте бейнебақылау жүйесінің бар екендігі туралы ескерту белгісі орналастырылады.
4. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу кезінде әріптестік келісім жасасу үшін осы кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптардың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы Мемлекеттік корпорацияның жазбаша растамасын ескереді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 26.08.2026 № 511/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Ерікті не мәжбүрлеп тарату процесіндегі, жұмыс істемейтін және есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін мерзімі өткен салық берешегі бар кәсіпкерлік субъектілері әріптестік келісім жасау үшін кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.