"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қаңтарда № 35670 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік, физикалық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру:

      1) дене тәрбиесі (ерекше балалар үшін бейімделген дене тәрбиесі);

      2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде);

      3) тіл дамыту;

      4) көркем әдебиет;

      5) сауат ашу негіздері;

      6) қазақ тілі;

      7) сенсорика;

      8) математика негіздері;

      9) құрастыру;

      10) қоршаған әлеммен таныстыру;

      11) сурет салу;

      12) мүсіндеу;

      13) жапсыру;

      14) музыка бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.";

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.08.2026 № 226-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.08.2026 № 226-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 23 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.08.2026 № 226-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 23 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.08.2026 № 226-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады