БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 180-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) экономика салалары, өңірлер және Қазақстан Республикасы бойынша жалпы бөліністе қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне халық саны, жалпы өңірлік өнім, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, негізгі капиталға салынған инвестициялар, экономикада жұмыс істейтін адамдардың саны, орташа айлық номиналды жалақы, жұмыссыздық деңгейі жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |