"Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 604/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 461/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39540 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 604/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 37506 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі – қазақстанда шығарылған тауар өндірушілер және олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектісі;";

      5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығымен бекітілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38903 болып тіркелген) (бұдан әрі – тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары) белгiленген өлшемшарттарына сәйкес келетiн цифрлық объектiлердiң тізбесі;

      6) өтініш беруші – Қазақстан Республика заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізу туралы өтініш берген жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      7) Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағдарламалық қамтылым сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізілген.";

      5-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағдарламалық қамтылымды өндіруді жүзеге асыратын өтініш берушінің есепті кезеңдегі жұмыскерлерге төленетін жалақы төлемдерін растайтын құжаттардың: 332 төлем тағайындау коды және (немесе) шығыс кассалық ордері бойынша банктік төлем құжаттарының көшірмелері;

      3) өтініш берушінің бағдарламалық қамтылымды өндіру фактісін растайтын: өтініш берушімен бекітілген техникалық тапсырмалар, оған қолданыстағы толықтыруларды және бағдарламалық қамтылымды өндірістік пайдалануға енгізу туралы бұйрықты қоса алғандағы құжаттар;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) есепті кезеңде сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізуге өтініш берілген, бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді немесе түрлендіруді (бейімдеуді) немесе сүйемелдеуді (техникалық қолдауды) жүзеге асыратын жұмыскерлердің тізбесі.

      Бұл ретте шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен төлемдер бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру және бейімдеу шығындарының бір бөлігін құрайтын шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен, сондай-ақ олар бақылайтын қазақстандық ұйымдармен, агенттермен және өкілдермен жасалған шарттар бойынша төлемдер сомасын қамтиды.

      Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес бағдарламалық қамтылымды сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.";

      қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы мәліметтер:

Ұйымның атауы

[Ұйымның атауын енгізіңіз]

БСН/ЖСН

[Ұйымның БСН/ЖСН енгізіңіз]

Есепті кезең

[Есепті кезеңнің басталу және аяқталу күнін енгізіңіз]

Жауапты адам

[Жауапты адамның тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) енгізіңіз]

Байланыс деректері

[Байланыс деректерді енгізіңіз]

Шығындар бабы

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және компоненттер үшін төлемдер сомасы (жергілікті компонент)

Қазақстан Республикасынан тыс жерде өндірілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және компоненттер үшін төлемдер сомасы (шетелдік компонент)

Декодтау

Ескерту

Жалақы





Бұлттық сервистер
(мысалы, AWS)





Өзге құқық иеленушілерінің бағдарламалық қамтылымы және лицензиялары туралы мәліметтер





Әзірлеуге арналған мердігерлер (Қазақстан Республикасында)





Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мердігерлер





Барлығы






  ".

      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады