"Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 375-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39548 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20395 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Қорғау аймақтарының шекара жобасын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

      Жергілікті атқарушы органдар қорғау аймақтарының шекара жобасы бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының кеңістіктік деректерін археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастыруды және жинауды, сондай-ақ осы деректер өзгерген (жаңартылған) жағдайда өзгерістер бекітілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.

      Аталған кеңістіктік деректер археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілгеннен кейін интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінің жария кадастрлық картасында үш жұмыс күні ішінде жариялануға тиіс. Ескерткіштердің қорғау аймақтарының шегінде жерді пайдаланудың ерекше режимі осы мәліметтер жария кадастрлық картада ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қағидалардың 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "5. Қорғау аймақтарының шекара жобасын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

      Жергілікті атқарушы органдар қорғау аймақтарының шекара жобасы бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының кеңістіктік деректерін археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйеде қалыптастыруды және жинауды, сондай-ақ осы деректер өзгерген (жаңартылған) жағдайда өзгерістер бекітілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.

      Аталған кеңістіктік деректер археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйеге енгізілгеннен кейін интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінің жария кадастрлық картасында үш жұмыс күні ішінде жариялануға тиіс. Ескерткіштердің қорғау аймақтарының шегінде жерді пайдаланудың ерекше режимі осы мәліметтер жария кадастрлық картада ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.".

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады