БҰЙЫРАМЫН:
1. "бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10239 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) көп қабатты теңіз стационарлық тұғырнамасы (бұдан әрі – КҚТСТ) – жоғарғы құрылысы блок-модульдік түрде орындалған, ұңғымаларды бір мезгілде бұрғылауға және пайдалануға арналған тұғырнама, онда пайдалану ұңғымаларының сағалары мен технологиялық жабдық төменгі қабатта, ал бұрғыланып жатқан ұңғымалардың сағалары, бұрғылау жабдығы, тұрғын, қызметтік және санитариялық үй-жайлар блогы және тікұшақ алаңы жоғарғы қабатта орналасады;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әрбір теңіз мұнай-газ құрылысының конструкциясы осы құрылысты тасымалдау, белгіленген нүктеге орнату және пайдалану процесінде оған әсер ететін жүктемелерге орнықтылықты қамтамасыз етуге тиіс.
Теңіз мұнай-газ құрылыстарының құрамына кіретін және (немесе) теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын жабдықты пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу дайындаушының құжаттамасына, жобалау және пайдалану құжаттамасына, технологиялық регламенттерге, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
68-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Мұнара асты порталының биіктігі жобалау құжаттамасына сәйкес орнатылған шығарындыға қарсы жабдыққа қызмет көрсету және оны пайдалану жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз әрі қолайлы орындауды қамтамасыз етуге тиіс.";
287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"287. Теңіз мұнай-газ құрылыстарында ұңғымалар өнімін жинаудың, дайындаудың және тасымалдаудың қағидатты схемасын әзірлеу кезінде мынадай шарттар ескеріледі:
1) теңіз мұнай-газ құрылыстарындағы объектілердің саны, сондай-ақ технологиялық операциялардың құрамы мен саны технологиялық операциялар санын қысқарту қажеттілігі ескеріле отырып, кен орнын жайластыру жобасында айқындалады;
2) КҚТСТ-ның жоғарғы құрылысы ұңғымаларды бір мезгілде бұрғылау мен пайдалануды қамтамасыз ететін жабдығы бар блок-модульдерді, тұрғын, қызметтік және санитариялық үй-жайлар блогын, сондай-ақ тікұшақ алаңын орналастыруды көздейтін кен орнын жайластыру жобасына сәйкес келуге тиіс;
3) КҚТСТ-ның өлшемдері, ұңғымалар шоғырындағы ұңғымалар саны, ұңғымалар арасындағы арақашықтық және олардың өзара орналасуы кен орнын жайластыру жобасында айқындалады;
4) КҚТСТ-дағы технологиялық қондырғылар мен жабдықтың орналасуы кен орнын жайластыру жобасында айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі