Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 "Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 12 тамыздағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 тамызда № 39584 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 "Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Үй жануарларын есепке алу қағидаларында:

      3-тармақта:

      3), 6), 10), 15) және 21) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақшадағы "болюстер," деген сөз алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген үй жануарларын (компаньон – жануарларды), сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) тіркеуші – ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар, сондай-ақ астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Иттер мен мысықтарды есепке алу үй жануарларын есепке алудың міндетті бұйымы (құралы) ретінде чипті пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Өзге үй жануарларын есепке алу үшін үй жануарының иесі есепке алу бұйымын (құралын) өз бетінше таңдайды және сатып алады.";

      12-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) үй жануары чипінің нөмірі, ал иттер мен мысықтар үшін – міндетті түрде.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады