"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери техникасы мен жабдығының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 905 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 тамызда № 39597 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери техникасы мен жабдығының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12291 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады