БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
1358-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1358. Автожанармай құю станцияларының аумақтарында стационарлық автогаз құю станцияларын орналастыру кезінде өртке қарсы қашықтықтар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы аралықтарды әртүрлі заттар мен материалдарды жинау үшін пайдалануға, көлік құралдары мен құрылыс объектілерін орналастыруға жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Тұрсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі