Алатау қаласының шегіндегі елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін меншігіне тегін алу кезегінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарын арнайы есепке қою және кезекте тең дәрежелі орынды беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 тамызда № 39739 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 84-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Алатау қаласының шегіндегі елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін меншігіне тегін алу кезегінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарын арнайы есепке қою және кезекте тең дәрежелі орынды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2026 жылғы 25 тамыздағы
№ 313 бұйрығымен бекітілген

Алатау қаласының шегіндегі елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін меншігіне тегін алу кезегінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарын арнайы есепке қою және кезекте тең дәрежелі орынды беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 84-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және Алатау қаласы шегіндегі елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін меншігіне тегін алу кезегінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке қою және кезекке тең дәрежелі орынды беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Алатау қаласының шегіндегі елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін меншігіне тегін алу кезегінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарын арнайы есепке қою және кезекте тең дәрежелі орынды беру тәртібі

      2. Арнайы есепке қою мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) бұрын қалыптасқан кезек туралы мәліметі;

      2) адамның еркін нысандағы өтініші;

      3) жер учаскесін алуға кезекке қою туралы хабарлама.

      3. Алатау қаласы шегіндегі елді мекендерде бұрын қалыптасқан кезектегі орындар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен, азаматтардың өтінішхаты бойынша елді мекен санатына сәйкес кезек жүргізілетін Қазақстан Республикасының облыстарына ауыстырылуға және арнайы есепке қоюға жатады.

      4. Қалпына келтірілуі тиіс адам өзінің кезекте тең дәрежелі орын ұсыну туралы өтінішін ЖАО-ға береді.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      жер учаскесін алу кезегіне енгізілгені туралы реттік нөмірі бар хабарлама.

      5. Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекте тұрғандар тізіміне қалпына келтіруді Алатау қаласы шегіндегі елді мекендерде бұрын есепке қою фактісі құжаттамамен расталған кезде ЖАО арыз келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Оң қорытынды қалыптастырылғанан кейін, ЖАО кезектің ауыстырылғаны туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда, ЖАО Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініш берген адамға уәжді бас тартуды жолдайды.

      Жер учаскесін алуға кезекке қою туралы хабарлама негізінде азаматты кезекте тұрғандар тізіміне қайта қою туралы жазба (/R) белгісі арқылы бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының цифрлық жүйесінде (БМЖМК ЦЖ) жүргізіледі.

      6. Тең дәрежелі кезектегі Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілігінің жаңа нөмірі есепке алғашқы қойылған күні бойынша айқындалады.

      7. Кезектегі орынды ауыстыру кезінде өтініш берудің бастапқы күні, есепке қою негіздемесі, елді мекеннің санаты сақталады.

      8. Бірнеше тұлғада кезекке қою күні сәйкес келген жағдайларда кезектілік өтінішті тіркеу уақыты (сағат, минут), өтініштің тіркеу нөмірі бойынша дәйекті түрде айқындалады, ал мүмкін болмаған жағдайда – кезектілік нәтижелерді тіркей отырып, ЖАО кызметкерінің қатысуынсыз БМЖМК ЦЖ цифрлық жүйесімен автоматты түрде айқындалады.

      9. Тиісті аумақтардың ЖАО елді мекендерде, Алатау қаласының шегіндегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін тегін алуға кезекте тұрған азаматтарға кезекте тең дәрежелі орындар берілуін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады