БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36351 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бизнестің цифрлық картасы Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерімен және ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде алынатын кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер негізінде қалыптастырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бизнестің цифрлық картасының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен өзге де көрсетілетін қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсыну бағыты Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес "цифрлық үкімет" веб-порталында іске асырылады.";
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) екінші деңгей – алушылардың өтінімдерін қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдану арқылы өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қарсы міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы Бизнестің цифрлық картасында автоматты түрде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |