"Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте № 39933 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу шарттарын, сондай-ақ тәртібін айқындайды.

      2. Сот сараптамасы (бұдан әрі – сараптама) – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын арнайы ғылыми білім негізінде, істі шешу үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында жүргізіледі";

      4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Сараптама тағайындаудың негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, сондай-ақ "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Заңда белгіленген.

      5. Сараптаманы тағайындаған орган (адам) сараптамалық зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті сараптама объектілерін және өзге де материалдарды ұсынады, олар сол күні Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – № 305 Қағидалар) 1, 5-10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сот сараптамаларын жүргізуге келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында тіркеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14958 болып тіркелген).

      Сараптамаға келіп түскен материалдар келіп түскен күні қаралады және сараптама жүргізу үшін сот сараптамасы органының сарапшысына және жеке сот сарапшысына (бұдан әрі – сарапшы) беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Сараптаманы тағайындау туралы қаулылар, ұйғарымдар сараптама тағайындайтын адам (орган) не сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесімен интеграцияланған құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, соттардың цифрлық жүйелері арқылы ұсынылады.

      Сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті объектілер мен материалдар бір мезгілде ұсынылмай, цифрлық жүйелер арқылы келіп түскен сараптама тағайындау туралы қаулы не ұйғарым сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесінде "объектілерді күту" мәртебесімен есепке алынуға жатады. Сараптама объектілері және сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті өзге де материалдар 10 жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда, сараптаманы тағайындау туралы қаулы не ұйғарым автоматты режимде орындаусыз қайтарылуға жатады.

      Сот ісін жүргізу қағаз форматында жүзеге асырылған не цифрлық жүйелерді пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері болмаған жағдайда, cараптама тағайындау туралы қаулыларды, ұйғарымдарды сараптама тағайындайтын адам (орган) қағаз форматында жеке өзі, уәкілетті өкілі (сенімхат негізінде) арқылы пошта немесе арнайы байланыс арқылы ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 272-1-бабында көзделген тәртіппен сараптама жүргізу туралы адвокаттың сұрау салуы зерттеу объектілерін бір мезгілде ұсына отырып, жазбаша нысанда жолданады.

      Заңның 43-бабының 1-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде сараптама объектілері және өзге де материалдар бес жұмыс күні ішінде орындаусыз қайтарылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаған немесе оның қорытындылары күмән туғызған не сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде процестік нормалар елеулі түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін қайталама сараптама тағайындалады.

      Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізу кезінде қатысуға және комиссияға түсіндірмелер беруге құқылы, алайда сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

      Қайталама сараптаманы тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда алдыңғы сот сараптамасының нәтижелерімен келіспеудің негізделген уәждері келтірілуге тиіс.

      Қайталама сараптаманы тағайындау уәждері жеткіліксіз негізделген кезде аумақтық бөлімшенің басшысы не жеке сот сарапшысы үш жұмыс күні ішінде сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және сараптама объектілерін орындаусыз қайтарады.

      Қайталама сараптама жүргізу сарапшыға тапсырылған кезде алдыңғы сараптамалардың қорытындылары ұсынылуға тиіс. Алдыңғы сараптаманың (сараптамалардың) қорытындысынсыз қайталама сараптама жүргізуге жол берілмейді.

      Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама, олардың бірі – қосымша сараптамаға, ал басқалары - қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, мұндай сараптама қайталама сараптаманы жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.

      Қайталама сараптама тағайындалған кезде аумақтық бөлімшенің басшысы не жеке сот сарапшысы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы тиісінше сот сараптамасы органының басшысын не Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасын хабардар етеді.";

      10, 11, 12 және 13-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Сарапшы өзіне тапсырылған сараптаманы өндіріске қабылдап, ұсынылған материалдар мен зерттеу объектілерін зерттейді және қойылған сұрақтар бойынша қорытынды беруге олардың жарамдылығы мен жеткіліктілігіне көз жеткізеді.

      Сараптама жүргізуге ұсынылған материалдар жеткіліксіз немесе жарамсыз болған жағдайда, сот сараптамасы органының сарапшысы басшымен келісе отырып жеке сот сарапшысы сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама жүргізу үшін қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы сараптама өндіріске қабылданған кезден бастап үш тәулік ішінде, ал көп объектілі сараптамалар бойынша бес тәулік ішінде өтінішхат береді.

      Сараптаманы тағайындаған органның (адамның) өтінішхатты қанағаттандыруына дейін сараптама жүргізу Заңда белгіленген мерзімдер шегінде тоқтатыла тұрады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 274-бабының төртінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша тараптың өтінішхатын қанағаттандыру тәртібімен шығарылған қаулы негізінде қосымша сұрақтар қойылған не бұрын қойылған сұрақтар нақтыланған жағдайда, сарапшы қажет болған кезде қорытынды беру үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы өтінішхат шығарады.

      Өтінішхат қанағаттандырылмаған жағдайда сарапшы зерттеуді ұсынылған материалдар көлемінде жүргізеді, ал олар қорытынды беру үшін жеткіліксіз және жарамсыз болған жағдайда сараптаманы тағайындау туралы қаулы, ұйғарым не адвокаттың сұрау салуы және зерттеу объектілері бес жұмыс күні ішінде сараптаманы тағайындаған органға (адамға) орындаусыз қайтарылады.

      Сарапшы сараптама жүргізудің барлық кезеңдерін, оның ішінде өтінішхаттар мен өзге де құжаттарды сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесінде көрсетуге міндетті.

      11. Сараптама жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауы тиіс.

      Сараптамалардың күрделілік санаттары бойынша мерзімдер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығымен бекітілген Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібінде айқындалған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелген).

      Сараптама жүргізу мерзімі сараптаманы тағайындаған органға (адамға) уәжді өтінішхат жіберілген күннен бастап, бірақ он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Сарапшының өтінішхатын қанағаттандыру туралы электрондық қаулы не ұйғарым келіп түскен кезде, зерттеу объектілері заңнамада белгіленген тоқтата тұрудың жалпы мерзімі шегінде ұсынылған жағдайда, сараптама жүргізу мерзімі зерттеу объектілері нақты ұсынылған не оларға қолжетімділік қамтамасыз етілген күннен бастап қайта жалғастырылады.

      12. Егер сараптама жүргізу үшін отыз тәуліктен асатын мерзім талап етілсе, аумақтық бөлімшенің басшысы сарапшы ұсынған оны жүргізуге қажетті уақыт есебінің негізінде, сондай-ақ ағымдағы жүктеме мен сараптамаларды орындаудың басымдығын ескере отырып, сараптаманы тағайындаған органға (адамға) себептері мен оны аяқтаудың болжамды мерзімін көрсете отырып, сараптама жүргізу мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішхат жолдайды.

      Жеке сот сарапшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты дербес жолдайды.

      Сараптаманы тағайындаған орган (адам) өтінішхатты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандырмаған жағдайда, аумақтық бөлімшенің басшысы сот сараптамасы органының басқа аумақтық бөлімшелерінің сарапшыларын тарта отырып, сараптама жүргізуді ұйымдастырады.

      Сот сараптамасы органының басқа аумақтық бөлімшелерінің сарапшыларын тарта отырып, сараптама жүргізуді ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда, сараптама оны жүргізу мерзімі шегінде аяқталады. Бұл ретте сараптама жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрмайды.

      Жеке сот сарапшысы сараптаманы тағайындаған орган (адам) сараптама жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандырмаған жағдайда, сараптаманы оны жүргізу мерзімі шегінде аяқтайды. Бұл ретте сараптама жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрмайды.

      13. Сот сараптамасы органында кезекшілік белгіленген сараптама түрлерін қоспағанда, сараптама жүргізу мерзімі материалдар қабылданған күннен бастап есептеледі. Көрсетілген жағдайларда мерзімді есептеу материалдар тіркелген күні басталады.

      Сараптама жүргізу мерзімі сарапшының қорытындысы кеңсеге тапсырылған күні аяқталады.

      Егер сараптама жүргізу мерзімінің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, келесі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сараптама жүргізу нәтижелері жазбаша не цифрлық нысанда баяндалады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделеді.

      Сарапшының қорытындысына, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға сараптаманы жүргізген сарапшы не сарапшылар комиссиясы қол қояды, қолтаңбалары мөрмен куәландырылады.

      Сарапшының қорытындысы, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама екі данада жасалады. Бірінші данасы сараптаманы тағайындаған органға (оның ішінде электрондық құжат түрінде) жіберіледі, екінші данасы бақылау өңдірісінде сақталады.

      Сарапшының қорытындысын безендіретін материалдар (фотокестелер, сұлбалар, кестелер, диаграммалар, слайдтар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Барлық материалдарға сараптама жүргізген сарапшы не сарапшылар комиссиясы қол қояды, қолтаңбалары мөрмен куәландырылады.

      Сарапшының қорытындысына сараптама тағайындаған органға (адамға) ілеспе хат қоса беріледі, онда сараптаманың шыққан күні, процестік шығындар, қорытынды мәтіні мен безендіру материалдары, беттерінің саны және зерттеу объектілерінің қайтарылғаны туралы мәліметтер қамтылады.

      Ілеспе хат сот сараптамасы органы басшысының, жеке сот сарапшысының атынан жасалады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Зерттеу аяқталғаннан кейін, объектілерге (құжаттарға, хаттамаларға, сызбаларға), сондай-ақ іс бойынша өзге де материалдарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір белгілер қоюға жол берілмейтін құжаттарды (паспорт, жеке куәлік, бағалы қағаздар, "құпия", "қызмет бабында пайдалану үшін" белгілері бар құжаттарды) қоспағанда, бастапқы мәліметтері бар істің басқа да құжаттарына аумақтық бөлімшенің мөртаңба бедері не зерттеуді жеке сот сарапшысы жүргізген жағдайда оның жеке мөрінің бедері қойылады. Сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған объектілерге "ҮЛГІ" мөртаңбасының бедері қойылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша ғылыми құралдар мен әдістерді қолдана отырып, шарт негізінде зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сот сараптамасы органының сарапшылары, жеке сот сарапшылары мамандар ретінде әрекет ете отырып, ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша шарт негізінде зерттеулер жүргізеді. Осы тарауға сәйкес жүргізілген зерттеу сараптамаға жатпайды.

      Зерттеу нысанасы құқықтық бағалау не сарапшылар қорытындыларының немесе мамандар қорытындыларының негізділігі мен анықтығын тексеру болып табылатын зерттеулерді жүргізуге жол берілмейді.".

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Осы тарауда сараптаманың нысанасы, зерттеу объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейлері, сондай-ақ сараптаманың белгілі бір түрі шеңберінде шешілетін типтік сұрақтардың тізбесі айқындалған. Сараптамалық зерттеулердің әрбір түрі бойынша сараптаманы жүргізу үшін ұсынылатын материалдарды дайындау жөніндегі ұйымдастырушылық және әдістемелік ұсынымдар әзірленген. Сараптаманың әрбір түрі бойынша сарапшының қарауына ұсынылуға тиіс объектілер мен материалдар және шешілуге жататын мәселелер көрсетілген.

      Сараптама жүргізу кезінде зерттеу объектілерінің цифрлық көшірмелерін пайдалануға, объектілерді тікелей зерттеу талап етілетін жағдайларды қоспағанда, жол беріледі. Бұл ретте сараптаманы тағайындаған орган (адам) көрсетілген объектілердің цифрлық материалдар ретінде дұрыстығына және жол берілетініне кепілдік береді.

      Өндіріс шеңберінде сарапшыға зерттеу материалдары мен объектілері (медициналық құжаттама және басқалар) қамтылған цифрлық жүйелерге қолжетімділік беріледі. Бұл ретте қолжетімділік пен зерттеуге жататын объектілердің тізбесін сараптаманы тағайындаған орган (адам) айқындайды.";

      451-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін;

      2) сы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы бұйрықтың 1-тармағының он жетінші, он сегізінші және отыз алтыншы абзацтарын қоспағанда, олар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он төртінші, он бесінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отыз екінші, қырық екінші, қырық бесінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, алпысыншы және алпыс бірінші абзацтары.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін мыналар белгіленсін:

      көрсетілген Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

      "Сараптамаға келіп түскен материалдарды басшы олар келіп түскен күні қарайды және сараптама жүргізу үшін сот сарапшысына (бұдан әрі – сарапшы) беріледі.";

      көрсетілген Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

      "Қайталама сараптаманы тағайындау уәждерінің жеткіліксіз негізделуі жағдайында аумақтық бөлімшенің басшысы үш жұмыс күні ішінде сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және сараптама объектілерін орындамай қайтарады.";

      көрсетілген Қағидалардың 8-тармағының жетінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

      "Қайталама сараптама тағайындалған кезде аумақтық бөлімшенің басшысы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы сот сараптамасы органының басшысын хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидалардың 10-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

      "Сараптама жүргізуге ұсынылған материалдар жеткіліксіз немесе жарамсыз болған кезде сот сараптамасы органының сарапшысы басшымен келісе отырып анықталған сәттен бастап сараптаманы тағайындаған органға (адамға) қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы өтінішхат бере алады.";

      көрсетілген Қағидалардың 16-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

      "Ілеспе хат сот сараптамасы органының басшысының атынан жасалады.";

      көрсетілген Қағидалардың 27-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "27. Зерттеу аяқталғаннан кейін объектілерге (құжаттарға, хаттамаларға, схемаларға), сондай-ақ бастапқы деректерді қамтитын істің басқа да материалдарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөгде белгілер қоюға жол берілмейтін құжаттарды (паспортты, жеке куәлікті, бағалы қағаздарды, "құпия", "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды) қоспағанда, аумақтық бөлімшенің мөртаңбасының бедері қойылады. Сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған объектілерге "ҮЛГІ" мөртаңбасының бедері қойылады.";

      көрсетілген Қағидалардың 29-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "29. Сот сараптамасы органының сарапшылары мамандар ретінде заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шарттық негізде зерттеулер жүргізеді. Осы тарауға сәйкес жүргізілген зерттеу сот сараптамасына жатпайды.

      Нысанасы құқықтық бағалау не сарапшылардың қорытындыларының немесе мамандардың қорытындыларының негізділігі мен анықтығын тексеру болып табылатын зерттеулерді жүргізуге жол берілмейді.".

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады