БҰЙЫРАМЫН:
1. "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37807 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларында:
33-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрдің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"Астана Хаб" қатысушысын тіркеу туралы КУӘЛІК
__________________________________________________ берілді
атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Берілген күні: ________________
Қолданылу кезеңі: ____________
Тіркеу нөмірі: ________________
QR-код
Ескертпе: куәлік электрондық түрде беріледі. QR-кодтың болуы куәліктің қолданылуын растау үшін пайдаланылады.