БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік жобалар – денсаулық сақтау, білім беру, азаматтық қорғау, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын, мүгедектігі бар адамдарды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ауыл жастарын, жұмыссыздарды, моноқалалар, ауылдық елді мекендер тұрғындарының мұқтаждықтары үшін коммуналдық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілерін қолдау саласындағы жобалар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де жобалар;";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жобалардың бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттарының біріне сәйкестігі (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту, табиғи құбылыстар мен техногендік аварияларды болдырмау жөніндегі шараларды қаржыландыру арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету);";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Комиссия ОМО өтінішхаттарының осы Қағидалардың және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Қор қаражатын пайдалану мен мониторингтеу тәртібінің талаптарына сәйкестігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 қаулысымен бекiтiлген Комиссия туралы ережеде белгіленген мерзімдерде қарайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі