БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 114/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 52 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18805 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы талаптарының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
3-қосымша алып тасталсын;
осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған меншік иелері мен операларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бірлескен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған меншік иелері мен операторларға, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілерінің меншік иелері мен иелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы талаптарының сақталуын тексеру парағы
____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі_________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_______________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1. | электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу бойынша талаптардың сақталуы | ||
2. | куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етуі | ||
3. | тіркеу куәлігін иеленушінің өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымсыз қолжеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолдануы | ||
4. | электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға беру бойынша тыйым салу туралы талаптың сақталуы (электрондық құжаттарға қол қоюшы мәртебесі жоқ тұлғалар) |
Лауазымды тұлға (лар) ________________________________________________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________________________
лауазымы қолы ______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)