"Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 40018 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының отыз тоғызыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 377 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 2023 жылғы
7 маусымдағы № 207 бұйрығына
  1-қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының отыз тоғызыншы абзацына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотаcын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – жұмыс беруші еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға міндетті жұмыс орындарының ең аз саны;

      5) жұмыс орындарын квоталау – жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын беруі;

      6) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      7) мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      8) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі.

2-тарау. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу тәртібі

      3. Жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлерінің тізімдік саны 50 (елу) адам және одан жоғары жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгілейді.

      4. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлерінің жылдық орташа санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

      5. Квота мөлшері:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың, болжаудың;

      2) астанадағы, аудандардағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы жұмыс істеп тұрған жұмыс берушілердің санының;

      3) астанадағы, аудандардағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы еңбек шарттарының бірыңғай есепке алу жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының және "Төлемдерді өңдеу ұйымы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінің деректеріне сәйкес Әлеуметтік кодекс пен "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес квота белгіленген күннің алдындағы соңғы 12 (он екі) айда жұмыскерлер үшін жүргізілген әлеуметтік төлемдердің негізіндегі жұмыс берушілердің жұмыскерлерінің тізімдік санының;

      4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушіде бар жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдаудың;

      5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдаудың;

      6) мансап орталығында тіркелген мүгедектігі бар жұмыссыз адамдардың санының негізінде "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде автоматты түрде белгіленеді.

      6. Квота ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлерінің тізімдік саны бар жұмыс берушілерге:

      50 (елуден) 100 (жүз) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санынан 2 (екі) пайызы мөлшерінде;

      101 (жүз бірден) 250 (екі жүз елу) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санынан 3 (үш) пайызы мөлшерінде;

      251 (екі жүз елу бірден) артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санынан

      4 (төрт) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      7. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда квотаны түзету "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап жүзеге асырылады.

      8. Жергілікті атқарушы орган 31 (отыз бірінші) желтоқсанға дейін Осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарына сәйкес қалыптастырылған жұмыс берушілердің электрондық тізбесінің негізінде алдағы күнтізбелік жылға Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленген жұмыс берушілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді.

      9. Уәкілетті мемлекеттік орган 10 (оныншы) қаңтарға дейін Тізбені Электрондық еңбек биржасында жариялайды.

      10. Тізбеге енгізілген кезде жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы туралы автоматты түрде хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жіберіледі.

      11. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы белгіленген квота шеңберінде жұмыс орындарының санын, кәсібін, еңбек жағдайларын және бір айдағы еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындары туралы ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мансап орталығына жібереді.

      12. Жұмыс беруші белгіленген квотаны орындаған кезде жұмыс орнын бейімдеу, еңбек жағдайларын өзгерту, жекелеген еңбек функцияларын қайта бөлу жөніндегі шараларды және мүгедектігі бар адамға еңбек міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін өзге де шараларды қамтамасыз етеді.

      13. Мансап орталығы жұмыс берушілерге квотаны орындау мәселелері бойынша кеңес береді, мүгедектігі бар адамдар қатарынан лайықты кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетеді.

3-тарау. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын орындалуын мониторингтеу және бағалау тәртібі

      14. Квотаны орындау еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген негізгі жұмыс орны бойынша еңбек шартының болуымен расталған жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруы және әлеуметтік төлемдердің аударылуы негізінде мүгедектігі бар адамдардың нақты жұмыспен қамтылуы болып табылады.

      Мүгедектігі бар адамдардың іс жүзінде жұмыспен қамтылуы күнтізбелік жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың жұмыс берушіде жұмыспен қамтылу айларының қосындысы ретінде айқындалады.

      15. Уәкілетті мемлекет орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы квотаның орындалуына мониторинг жүргізеді.

      16. Мониторинг жұмыс берушінің күнтізбелік жылға белгіленген квотаның орындалу барысын анықтау және оның орындалуы бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында жүргізіледі.

      Мониторинг процесінде автоматты түрде:

      1) күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті тоқсанның соңына дейінгі өсу қорытындысымен жұмыс берушіде мүгедектігі бар адамдардың нақты жұмыспен қамтылуы айқындалады;

      2) алынған деректерді жұмыс берушіге тиісті күнтізбелік жылға белгіленген квотамен салыстыру жүзеге асырылады және оның орындалуының ағымдағы деңгейі анықталады;

      3) квотаның орындалуы туралы мәліметтер қалыптастырылады.

      17. Есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне квотаны орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат жіберіледі.

      18. Мониторинг нәтижелерін жұмыс берушілердің күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін белгіленген квотаны орындау бойынша шаралар қабылдауы үшін, ал еңбек мобильдігі орталықтары (мансап орталықтары) – жұмыс берушілерге белгіленген квота шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жұмыстарын ұйымдастыру үшін пайдаланады.

      19. Уәкілетті мемлекеттік орган 10 (оныншы) ақпанға дейінгі мерзімде жұмыс берушілердің алдыңғы күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша белгіленген квотаны орындауын, жұмыс берушілердің квотаны орындауына жүргізілген тоқсан сайынғы мониторинг нәтижелерін ескере отырып, бағалауды ұйымдастырады.

      Квотаның орындалуын бағалау "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде жұмыс берушідегі мүгедектігі бар адамдардың нақты жұмыспен қамтылуы туралы деректерді алдыңғы күнтізбелік жылға белгіленген квотамен салыстыру арқылы түрде қалыптастырылады.

      20. Бағалау нәтижелері бойынша 15 (он бесінші) ақпанға дейінгі мерзімде Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне алдынғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалғаны не орындалмағаны туралы осы Қағидаларға 3 не 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жіберіледі.

      21. Квотаның орындалуын бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

      22. Квотаның орындалуын бағалау нәтижелері шағым жасау мерзімі өткеннен кейін уәкілетті мемлекеттік орган Электрондық еңбек биржасына орналастырады.

      23. Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесі арқылы жұмыс берушінің белгіленген квотаны орындамағаны туралы мәліметтер мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік бақылау шараларын жоспарлау және жүзеге асыру кезінде қарауға жататын жұмыс берушілер тізбесін қалыптастыру үшін автоматты түрде қалыптастырылады және жіберіледі.

      Берілетін мәліметтерге жұмыс беруші туралы деректер, санмен сандық мәнде көрсетілген белгіленген жұмыс орындары квотасының мөлшері, квотаның орындалу көлемі, мүгедектігі бар адамдардың нақты жұмыспен қамтылуы және квотаның орындалуын бағалау нәтижелері кіреді.

  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындары квотасын
белгілеу, оның орындалуын
  мониторингтеу және бағалау
қағидаларына 1-қосымша

Мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы туралы хабарлама

      Құрметті _____________________________________! (жұмыс берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32737 болып тіркелген) Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ұйымыңыз үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін __ бірлік квота белгіленгені туралы хабардар етеді.

      Ынтымақтастық үшін рахмет!

  Мүгедектігі бар адамдарды
  жұмысқа орналастыру үшін
  жұмыс орындары квотасын
белгілеу, оның орындалуын
мониторингтеу және бағалау
қағидаларына 2-қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталанатын жұмыс орындары туралы ақпарат

      1. Жалпы ақпарат (мемлекеттік цифрлық жүйелерден автоматты түрде толтырылады)

Жұмыс берушінің атауы


БСН/ЖСН


Облыс, аудан, қала


Жұмыскерлердің тізімдік саны


Белгіленген жұмыс орындарының квотасы


Толтыруға арналған жұмыс орындарының саны


      2. Квоталанатын жұмыс орындарының тізбесі

№

Жұмыс орнының атауы

Орындар саны







      3. Квоталанатын жұмыс орнының карточкасы (әрбір бос квоталанатын жұмыс орны үшін толтырылады)

Лауазымның атауы


Құрылымдық бөлімше


Негізгі еңбек функциялары


Жұмыс орындарының саны


Жұмыс орнының нақты мекенжайы


      3.1. Еңбек жағдайлары

Жұмыс түрі


Жұмыс режимі


Қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі


      3.2 Дене жүктемесі

Дене жүктемесі деңгейі


Ұзақ мерзімді жай-күйі қажет


Ауырлықты жылжыту (көтеру) қажет


      3.3 Жұмыс орнының қолжетімділігі

Жұмыс орны мынадай адамдар үшін қол жетімді


Есту қабілеті бұзылған


Көру қабілеті бұзылған


Тірек-қимыл аппараты бұзылған


      3.4 Жұмыс орнын бейімдеу

Жұмыс орны мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастыруға дайын


Бейімделу қажет


Бейімделу түрі


Мансап орталығының кеңесі қажет


      3.5 Жоспарланған жалақы

Еңбекақы мөлшері


      4. Жұмыс орындарын толтыру мерзімі

Жұмыскерді бірден қабылдауға дайын болу


      5. Байланыс тұлғасы

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________ Телефон __________________ Email _________________

      Жұмыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Күні: 20__ жылғы "___" _________

  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындары квотасын
белгілеу, оның орындалуын
  мониторингтеу және бағалау
қағидаларына 3-қосымша

Өткен күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалғаны туралы хабарлама

      Құрметті ______________________________________! (жұмыс берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32737 болып тіркелген) Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуына мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының 20-тармағына сәйкес және 20__ жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуын бағалау нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сізге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалғаны туралы хабарлайды.

  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындары квотасын
белгілеу, оның орындалуын
мониторингтеу және бағалау
қағидаларына 4-қосымша

Өткен күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалмағаны туралы хабарлама

      Құрметті _________________________________________! (жұмыс берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32737 болып тіркелген) Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуына мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларының 20-тармағына сәйкес және 20__ жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуын бағалау нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сізге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалмағаны туралы хабарлайды.

      Осы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 98-бабына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесіне жіберілетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады