ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | Тазартылған бағалы металдарды, бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті | Энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
| "; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:
"
18-1 | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы | Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама |
| ". |
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама*
1.____________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
2. Осымен _____________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) / жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны
___________________________ бойынша іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны
__________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруды тоқтатқаны
(қызметтің немесе іс-қимылдың атауы көрсетіледі)
жеке тұлғаның заңды мекенжайының ______________________________
заңды тұлғаның орналасқан жері ________________________________
қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайының __________
хабарламада көрсетілген деректердің**__________________________
_____________________________________ өзгергені туралы хабарлайды.
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы/жеке тұлғаның
заңды мекенжайы
______________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошта индексі, облыс, қала,
аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
_______________________________________________________________
4. Электрондық пошта __________________________________________
5. Телефондар _________________________________________________
6. Факс _______________________________________________________
7. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) ______________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
8. Қосымша мәліметтер _________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ақпарат көрсетіледі)
9. Хабарламаға _______________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
(құжаттар атауы және парақтар саны көрсетіледі)
10. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру
_________________________ басталады.
(уақыты мен күні)
11. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру ______
тоқтатылады (уақыты мен күні)***
Осы хабарламаны бере отырып, өтініш беруші мыналарды:
көрсетілген барлық деректер ресми екенін және оларға
қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез
келген ақпаратты жолдауға болатынын;
өтініш берушіге мәлімделген қызметтің түрімен немесе
жекелеген іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмағанын;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және
жарамды екенін;
өтініш беруші қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды
бастағанға дейін одан әрі де Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуы міндетті талаптарының сақталуын қамтамасыз ететінін растайды.
12. Өтініш беруші _____________________________________________
________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Мөр орны (ол болған жағдайда) Берілген күні және уақыты
20__ жылғы "__" ________ "__" сағ. "___" мин.
13. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша ұсынған жағдайда:
Сенім білдірілген тұлға ____________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе (қолы)
________________________________________________________________
Сенімхаттың күні және нөмірі " ______" __ " сағ. "__" мин.
Ескертпе:
*белгілі бір іс-қимылдар деп Заңға 3-қосымшада көзделген Хабарламалар тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 3, 36, 39, 40, 42, 48-тармақтарында көрсетілген іс-қимылдарды қоспағанда, Тізбеде көрсетілген іс-қимылдар түсініледі;
**хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгергенде толтырылады. Осы жолда заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) бұрынғы толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
***осы жол егер Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру кезінде қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды тоқтату уақыты мен күні туралы ақпаратты ұсыну белгіленген жағдайда ғана толтырылады.