Электр энергетикасы және мұнай-газ химиясы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қазандағы № 357-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 қазанда № 40087 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "2022 жылдан бастап жинақтай отырып енгізілетін электр қуаттарының көлемі туралы жыл сайынғы есеп" нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Электр энергетикасын және жылу энергетикасын дамыту жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы жыл сайынғы есеп" нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Электр желілерінің тозуы туралы ақпарат" нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру туралы ай сайынғы есеп" нысаны бекітілсін;

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
С. Жаркешов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 қазандағы
№ 357-н/қ Бұйрыққа
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
  нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған әкімшілік нысанның атауы: 2022 жылдан бастап жинақтай отырып енгізілетін электр қуаттарының көлемі туралы жыл сайынғы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ЕЭҚК

      Кезеңділік: жыл сайын

      Есепті кезең: 20 __ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: энергия өндіруші ұйымдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі


      Жинау әдісі: электрондық түрде

      2022 жылдан бастап жинақтай отырып енгізілетін электр қуаттарының көлемі туралы жыл сайынғы есеп

Есепті жыл

Энергия өндіруші ұйым атауы

Есепті жылдағы электр қуаттарын енгізу көлемі, мегаватт

2022 жылдан бастап енгізілген электр қуаттарының жинақталған көлемі, мегаватт

1

2

3

4













      Атауы ________________________

      Мекенжайы ________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы _____________________________________ ______________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________________________ _______________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Ескертпе: "2022 жылдан бастап жинақтай отырып енгізілетін электр қуаттарының көлемі туралы жыл сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "2022 жылдан бастап жинақтай
отырып енгізілетін электр
қуаттарының көлемі туралы жыл
сайынғы есеп" әкімшілік
деректерін өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

"2022 жылдан бастап жинақтай отырып енгізілетін электр қуаттарының көлемі туралы жыл сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: № 1-ЕЭҚК, кезеңділігі: жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "2022 жылдан бастап жинақтай отырып енгізілетін электр қуаттарының көлемі туралы жыл сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды энергия өндіруші ұйымдар толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда есепті жыл көрсетіледі.

      7. 2-бағанда энергия өндіруші ұйымдардың атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда есепті жылдағы электр қуаттарын енгізу көлемі мегаватпен көрсетіледі.

      9. 4-бағанда 2022 жылдан бастап енгізілген электр қуаттарының жинақталған көлемі мегаватпен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 қазандағы
№ 357-н/қ Бұйрыққа
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
  нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған әкімшілік нысанның атауы: Электр энергетикасын және жылу энергетикасын дамыту жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы жыл сайынғы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӨҮЭЖ

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20 __ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" акционерлік қоғамы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі


      Жинау әдісі: электрондық түрде.

20__ жыл үшін электр энергетикасын және жылу энергетикасын дамыту жобаларының іске асырылу қорытындылары бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы жыл сайынғы есеп

№ р/с

Көрсеткіштердің атауы, миллион киловатт-сағат

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Электр энергиясын тұтыну







2

Электр энергиясын өндіру, оның ішінде генерация көздері бойынша:







2.1

Жылу электр станциясы







2.2

Газтурбиналық электр станциясы







2.3

Су электр станциясы







2.4

Жел электр станциясы







2.5

Күн электр станциясы







2.6

Газ поршенді қондырғы блогы







3

Мемлекетаралық электр энергиясының ағындары, оның ішінде шектес мемлекеттер арқылы







3.1

Ресей Федерациясы







3.2

Қырғыз Республикасы







3.3

Өзбекстан Республикасы







      Кестенің жалғасы

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жиыны, жыл басынан бері

9

10

11

12

13

14

15
































































      Атауы ________________________

      Мекенжайы ________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы _____________________________________ ______________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________________________ ________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Ескертпе: "Электр энергетикасын және жылу энергетикасын дамыту жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы жыл сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Электр энергетикасын және
жылу энергетикасын дамыту
жобаларын іске асыру
қорытындылары бойынша
өңірлерді үздіксіз электрмен
жабдықтауды қамтамасыз
ету туралы жыл сайынғы есеп"
әкімшілік деректерін өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

"Электр энергетикасын және жылу энергетикасын дамыту жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы жыл сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: № 1-ӨҮЭЖ, кезеңділігі: жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Электр энергетикасын және жылу энергетикасын дамыту жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы жыл сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" акционерлік қоғамы толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда көрсеткіштердің атаулары көрсетіледі.

      8. 3-14 бағандарда электр энергиясын тұтыну көлемі, электр энергиясын өндіру көлемі және көршілес мемлекеттердің электр жүйелерімен электр энергиясы ағындары сальдосының көлемі миллион киловатт-сағатпен көрсетіледі.

      9. 15-бағанда есепті кезеңдегі көрсеткіштердің жиынтық көлемдері миллион киловатт-сағатпен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 қазандағы
№ 357-н/қ Бұйрыққа
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
  нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған әкімшілік нысанның атауы: Электр желілерінің тозуы туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ЭЖТ

      Кезеңділік: жыл сайын

      Есепті кезең: 20 __ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: табиғи монополиялар субъектілері

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі


      Жинау әдісі: электрондық түрде.

20__ жыл үшін электр желілерінің тозуы туралы ақпарат

№ р/с

Табиғи монополия субъектілерінің атауы

Электр желілерінің ұзындығы, километр

Кіші станция, кешенді трансформаторлық кіші станция,
тарату пункті, трансформаторлық пункт саны, бірлік

Электр желілерінің тозуы, %

1

2

3

4

5











      Атауы ________________________

      Мекенжайы ________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы _____________________________________ ______________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________________________ ________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Ескертпе: "Электр желілерінің тозуы туралы ақпарат" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Электр желілерінің тозуы
туралы ақпарат" әкімшілік
деректерін өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

"Электр желілерінің тозуы туралы ақпарат" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: № 1-ЭЖТ, кезеңділігі: жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Электр желілерінің тозуы туралы ақпарат" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды табиғи монополиялар субъектілері толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда табиғи монополия субъектілерінің атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда электр желілерінің ұзындығы километрмен көрсетіледі.

      9. 4-бағанда кіші станцияның, кешенді трансформаторлық кіші станцияның, тарату пунктінің, трансформаторлық пункттің саны бірлікпен көрсетіледі.

      10. 5-бағанда электр желілерінің тозуы пайызбен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 қазандағы
№ 357-н/қ Бұйрыққа
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
  нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған әкімшілік нысанның атауы: Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру туралы ай сайынғы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-МГХӨӨ

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылдың ____ айы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі


      Жинау әдісі: электрондық түрде.

20__ жылдың _____ бойынша (айы) мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру туралы ай сайынғы есеп

Өндірілген мұнай-газ химиясы өнімдерінің атауы

Өндірілген
мұнай-газ химиясы өнімдерінің
нақты көлемі, тонна

Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру үшін тұтынылған шикізат түрінің көлемі, тонна

Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру үшін тұтынылған шикізаттың өлшем бірлігі

1

2

3

4













      Атауы ________________________

      Мекенжайы ________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы _____________________________________ ______________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________________________ ________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Ескертпе: "Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру туралы ай сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мұнай-газ химиясы өнімдерін
өндіру туралы ай сайынғы есеп"
әкімшілік деректерін өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанына қосымша

"Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру туралы ай сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: № 1-МГХӨӨ, кезеңділігі: ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру туралы ай сайынғы есеп" әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 1-бағанда өндірілген мұнай-газ химиясы өнімдерінің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда есепті айда өндірілген мұнай-газ химиясы өнімдерінің нақты көлемі тоннамен көрсетіледі.

      8. 3-бағанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру үшін тұтынылған шикізат түрінің көлемі тоннамен көрсетіледі.

      9. 4-бағанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру үшін тұтынылған шикізаттың өлшем бірлігі көрсетіледі.

      10. 5-бағанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру үшін тұтынылған шикізаттың нақты көлемі тоннамен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады